1.Қай бұлшықет байламы шынтақ өсіндісіне бекиді? а бицепс б трицепс



бет1/36
Дата29.09.2023
өлшемі226,46 Kb.
#111392
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
тесты-экзамен-каз 2


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТРАВМАТОЛОГИЯ. ОРТОПЕДИЯ ЖӘНЕ ӘДХ КАФЕДРАСЫ




Тестер травматология , ортопедия 4крс ОМ

1.Қай бұлшықет байламы шынтақ өсіндісіне бекиді?
а. бицепс
б. трицепс
в. білек пронаторы
г. жалпы бүккіш саусақ бұлшықеті
д. шынтақ бүккіш бұлшықеті

2.Кәрі жілік нервінің зақымдануы кезінде қай бұлшықет қызметінің бұзылуы байқалады?
а. білек пронаторы
б. саусақтарды бүгетін терең бұлшықеттер
в.саусақтарды бүгетін беткей бұлшықеттер
г. қол басын кәрі жілікке қарай жазатын бұлшықет
д.қол басы теноры

3. Қандай жарақаттарда кәрі жілік мойнының резекциясы мүмкін?
а. Монтеджи сынығы
б. басының ығысуымен жүретін кәрі жілік мойнының сынығы
в. ығысусыз жүретін кәрі жілік сүйек мойнының шеттік сынығы
г. кәрі жілік басының бөлшектенген сынығы
д. кәрі жілік басының оқшауланған шығуы

4.40 жасар ер адам кәрі жілік басының резекциясы операциясын өткерді.Операциядан кейін білезікті бүгіп, білезіктің I саусағын алып кете алмайды.Қандай диагноз болуы мүмкін?
а. кәрі жілік нервінің травматикалық зақымдануы
б. орталық нервтың травматикалық зақымдануы
в. кәрі жілік нервінің операция кезінде жарақаты
г. орталық нервтың операция ішілік жарақаты
д.шынтақ нервінің операция ішілік зақымдануы

5.Әкесі баласының жоғары көтерген қолынан құлап қалмаудан ұстап қалғаннан кейін, 4 жасар бала оң қолын көтере алмайды, қолы дене тұсында салбырап тұрып қалады. Қандай диагноз жиі болуы мүмкін?
а. иықтың шығуы
б. шынтақ буының капсула –байламдық аппаратының тартылуы
в. жауырынның үстіңгі және астыңғы сүйек бұлшықетінің тартылуы
г. кәрі жілік басының пронациялық шығуы
д. бұғана шығуы

6. Буын ішілік тоқпан жілік сынуына жатады:
а. үлкен бұдырмақ сынығы
б. хирургиялық мойын сынығы
в. кіші бұдырмақ сынығы
г. бұдырмақтан кейінгі сынық
д. анатомиялық мойын сынығы

7. Тоқпан жіліктің төменгі 3\1 сынғанда остеосинтез неден басталады
а. Тоқпан жілік артериясын жекелеп алудан
б. шынтақ нервін жекелеп алудан
в. ортаңғы нервті жекелеп алудан
г. кәрі жілік нервін жекелеп алудан
д. сынық бөлшектерін жекелеп алудан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет