1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Жалпы коллекторлар, олардың ерекшеліктері



бет26/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
51. Жалпы коллекторлар, олардың ерекшеліктері
Осы заманғы прогрессивті жер асты құбырлар торабын орналастыруға арналғае құрылым – жалпы коллектор деп аталады.
Ішкі көлемі қызмет көрсететін мамандардың еркін жүріп тұруына қарай белгіленеді. Коллектор биіктігі Н=1,8-3,0 м аралығында, ені В=1,5-2,7 м, ал коллектор ортасындағы жүріс бөлігінің ені l=0,8/1,2 м шамасында болады.
Жалпы коллектордың тиімділігі мынада:

  • қала көшелерін қазулар азаяды.

  • байланыс тораптары аз көлемді алады.

  • Жүйелер жұмысын тексеру, қызмет көрсету және жөндеу оңайға түседі.

  • металлдарды тот баспайды.

Мұнда кернеуі 1000 В. жоғары электр байланысын орналастыруға болмайды. Қоқыс – шаруашылық каналын жоғары қысымда орналастыруға болады.
Газ жүйелері жалпы коллекторда мынадай жағдайда орналасуы мүмкін: болат құбырлар сваркамен дәнекерленгенде, авариялық желдеуіштер бар болса, автоматы бақылауыштар (сигнализация) арқылы коллектор ішіндегі ауаның газбен былғанғанын анықтай алғанда және белгілі қауіпсіздікті газ құбырын орнату кезінде сақтағанда орналастыруға болады.
Коллектордың қимасы тік төртбұрышты және дөңгелек болады. Жер астындағы инженерлік жүйелер көп болса екі секцияға орналастырылады.
Құрамалы коллектор элементтері типтелген, оның өлшемдерінің қадамы -биіктігі 0,3 м, ені 0,2 м.
Жалпы коллекторлар көшенің бір жағында немесе екі жағында орналасады. Бір жақта орналасқанда көшенің екінші жағына өтетін жолдар қарастырылуы керек. Коллектордың жоғарғы беті жердің бетінен санағанда 0,8-1,2 м кем болмауы керек.
Коллекторға құрылымда орналасқан диспетчерлік бөлім арқылы өтуге болады. Температура, ылғалдылық ауа қысымы өзгергенде белгілі насостар, вентиляторлар автоматы түрде іске қосылады. Коллекторларда белгілі бір ылғалдылық сақталып тұруы тиіс.
Жалпы коллекторлардың конструкциясы әр түрлі болады. Құрамалы коллекторлар қабырға блоктарынан , жабу блоктан, блок табанынан тұрады. Коллекторды көлемді элементтерді пайдаланып тұрғызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет