61. Қала территориясын су басып қалудан қорғау Өзендердің бойында орналасқан қалаларда тасқын судың астында қалатын аймақтарда құрылыс жүргізу мұқтаждығы туындауы мүмкін.
Мұндай жағдайларда бұл аймақтарды су басып қалудан сақтап қалуға байланысты инженерлік іс-шаралар жүргізуге тура келеді. Ондай іс-шараларға: аймақты су баспайтын белгіге дейін көтеру, су басатын аймақта үйінділер жасау және тоған мен су қоймаларын орнату арқылы өзен ағысын реттеу жатады. Қорғаныс үймереттерін жобалау кезінде көп жылдық бақылау нәтижелерінің мәліметтерінен алынған өзен суының әртүрлі жылғы жоғарғы белгілерін анықтау қажет. Су басудан қорғалынатын аймақты қолдану сипа тына байланысты су деңгейінің ең жоғары есептік биіктігі соғылатын ғимарат ерекшелігі бойынша анықталады.
Өзен жағалауын тасқын су жетпейтін деңгейге дейін көтеру құрылыстағы ең қарапайым және нәтижелі инженерлік шара болып саналады. Бұл әдісті қорғалатын аумақ көлемі аз болғанда және көтеру биіктігі 1–1,5 м аспаған жағдайда қолданған тиімді. Тасқын су басқан аумақ құрылыс жүргізуге немесе саябақ орнатуға жарамды.
Қала аумағын тұрақты әрі сенімді пайдалану үшін дамба қарастырады. Дамбы биік болған жағдайда аймақтың ландшафттын нашарлатады және құрылысқа пайдалануын қиындатады. Осындай кемшіліктерді азайту үшін, яғни бұл жерді тиімді пайдалану үшін оның үстіне серуендеу аллеясын қарастыруға болады. Осы маңнан қала панорамасы серуендеушілерге жақсы көренеді. Қажет болған жағдайда мұнда автокөлікжолын қарастыруға да болады. Аллеяның және жолдың ендері дамбаның қала жоспарында алатын орнына және ондағы өтетін жолдың маңызына байланысты ҚНжЕ [10] талаптарына сай анықталынады.
Қала аумағын тасқын судың басып қалуынан сақтау үшін өзеннің жоғары жағына платина немесе су қоймасы орнатылады. Бұл құрылым арқылы өзен суының деңгейі реттеліп отырылады, яғни аймақты су шайып кету қаупінен сақтайды.
Инженерлік іс-шаралар кешенін таңдау бірнеше жасалған нұсқалардың қала құрылысының және техникалық-экономикалық бағаның қорытындысы бойынша таңдап алынады.
62. Территорияны ерекше жағдайлардан сақтаудың инженерлік жолдары