1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік Халық пен жүк тасымалы елді мекендердің көлік жүйесіне тікелей байланысты. Көлік жүйесі деген сөзде қатынас құралдары мен қатынас жолдарының үйлесімділігі келтіріледі.
Әр қаланың, елді мекендердің дамуы, ондағы транспорт жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде автомобиль транспорты үлкен қарқынмен өсіп келеді, бұл қатынас жолдарының жақсаруын жоғарылатады. Қолданыстағы көшелер кеңейіп, көше қиылыстары түзеледі, жалпы айтқанда көше мен жолдардың өткізгіштік қабілеті артады.
Сонымен қатар, қалалық мекендер мен оның территориясының ұлғаюы қалалық көлік жұмысында ұлғайтады.
Тұрғындардың қарқынды қозғалысы деп – қаланың бір тұрғынына жылына келетін қозғалыстың орташа мөлшерін айтады.
Қалалар тұрғындар санына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
- өте ірі а) 1000 мың адам жоғары;
б) 500-1000 мың адам;
- ірі 250-500 мың адам;
- үлкен 100-250 мың адам;
- орташа 50-100 мың адам;
- кіші 50 мың адамнан аз елді мекендер.
Мысалы, 250-500 мың адамы бар қалаларда көлік қозғалысы жылына 300-330 жол жүруді құраса, ал болашақта 460-650 қозғалысты құрайды. Мәскеуде бір тұрғын жылына көлік қозғалысында 800-ден астам жол жүрісін құрайды.
Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көлік жұмыстарының көлемін шамамен мына формуламен анықтауға болады:
Рn=N*П*Lорт
Бұл жерде, N-тұрғындар саны, мың адам.
П-тұрғындардың көліктік қозғалысы, жол жүру/адам;
Lорт - орташа жол жүру ұзындығы,км.
Көлікпен тасымалданатын жүк көлемі:
Ржүк=Q*Lорт
Бұл жерде Q – тасымалданатын жүк көлемі, т.
Тасымалдау көлеміне тұрғындарды орналастыру сипаты, қаланың жоспарлы құрылымы, жолаушылар құрамы және жүк құрылымы едәуір ықпал етеді.
Осылайша көлік жүйесін көлік қатынас жолдары және көліктің өзі құрайды.
Қатынас жолдарын қарастырайық. Қала жағдайында қатынас жолдарын былай бөледі: көшелік және көшеден тыс. Көшелікке жататындар: жаяу жүргіншілерге арналған көшелер мен жолдар, рельсті және рельссіз көлік жолдары (автобус, автомобильдер, троллейбустар, трамвайлар). Көшеден тыс жолдарға – метрополитен жол жүйелері, қалалық электрлі темір жолдары, трамвай жолдары, өзен және теңіз жағалық құрылымдары, сондай-ақ әуе көлігінің жердегі құрылыстары (аэродром, аэропорт және т.б.) жатады.
Трамвай жолдары көшелік және көшеден тыс жолдарға жатады.
Қатынас жолдарының негізгі мақсаты – көлік пен жаяу жүргіншілерді өткізу болып табылады. Қала көшелері негізгі мақсаттан басқа да, жер үсті және жер асты инженерлік жүйелерді орналастыру, жасылдандыру жұмыстарын да орындайды пайдалынады. Сондай-ақ түрлі безендіру мен жайландыру жұмыстарын да орындайды.