1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік



бет28/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
56. Ауа бассейнін тазалау жолдары
Қала жолдары мен көшелерін көгалдандыру архитектуралық-композициялық және санитарлық-гигиеналық мақсаттарға байланысты жүргізіледі. Көгалдандыру қалалар мен елді мекендерді көркейту барысында ерекше мәнге ие. Олар, сондай-ақ, сауықтыру қызметін де атқарады: газ бен шаңнан қорғайтын әуе бассейнімен қамтамасыз етеді; шудың әсерін төмендетеді; оттегі тарату көзі болып табылады және микроклиматты жақсартады.
Ағаштар мен бұталарды таңдау барысында жергілікті климат пен басқа да шарттар ескеріледі. Олар: өсімдіктердің дендрологиялық ерекшеліктері, олардың сәндік қасиеттері, ағаш діңгегінің сипаты, ағаш формасының (штамб) биіктігі, жапырақтарының түсі, ағаштың шаң мен газға төзімділігі, аязға шыдамдылығы және т.б. қасиеттері.
Сондай-ақ өсімдіктерді таңдау барысында төмендегі мақсаттарды есте ұстау керек:

  • архитектуралық-көркемдік;

  • көліктің қоршаған ортаға әсерін төмендету (шу, ауаны ластау);

  • микроклиматты жақсарту (ылғал-дылықты арттыру);

  • қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • инженерлік жерасты желілерін орналастыру.

Жасыл желектерді отырғызудың негізгі түрлері:

  • ағаштарды тротуарға бір қатар етіп отырғызу;

  • ағаштарды көгалға қатарлап отырғызу;

  • ағаштар мен бұталарды араластырып (топтап және қатарлап) отырғызу;

  • бульварлар түрінде қарастыру

палисадниктер түрінде (үй алдын-дағы кішкене қоршаулы бау-бақша); – жасыл қоршаулар ретінде


57. Топырақ түрлері, олардың қасиеттері
Қала аймағын құрғату үшін жерасты суларының деңгейін төмендетуге арналған жасанды құрылымдар қарастырылады. Дренаждарды жобалаған кезде жер қыртысындағы қуыс пен жарықтар бойынша жерасты суларының жылжуы туралы мағлұматтар жинап алу қажет. Жерасты суларының түрлерін (капиллярлық, гравитациялық), сондай-ақ суға қатысты тау жыныстарының қасиеттерін (ылғалдылық сиымдылығы, су беруді, су өткізгіштігін, капиллярлы көтерілуі және басқалары) ажырата алу қажет. Төменде тау жыныстарының физикалық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер берілген.
Құрылыс саласында жер бедерінің сыртқы бөлігін құрайтын тау жыныстарын топырақтар (грунттар) деп атайды. Грунттардың жартасты және жартасты емес (бос) деген екі түрі бар. Қала құрылысы үшін негізінен жартасты емес түрі құрылыста пайдаланады. Олар өз кезегінде ірі кесекті, құм және сазды болып бөледі.
Ірі кесекті топырақтар 2 мм-ден үлкен түйіршектерден тұрады. Соған байланысты олар қиыршық тасты (қиыршық тас – 2 мм-ден үлкен), жұмыр тасты (жұмыр тас – 10 ммден үлкен), қойтасты (қойтастар – 200 мм-ден үлкен) болып бөлінеді. Құм топырақтарға мөлшері 0,1–2 мм аралығындағы топырақтар жатады. Бөлшектердің ірілігі бойынша құм топырақтар гравийлі құмдар, ірі, ірілігі орташа, ұсақ және шаңды бөліп бөлінеді.
Сазды топырақтар мөлшері 0,005– 0,0001 мм бөлшектерден тұрады. Олар біртекті және иленгіш болады. Грунттардың құмдар мен саз арасындағы аралық түрлері құмайт пен саздақ болып табылады.
Көлемі мен пішіні жағынан бір-біріне ұқсас тау жыныстарының бөліктерін топтарға – фракцияларға біріктіреді. Жыныстарда белгілі бір фракциялардың болуы оның түйіршікті метрикалық құрамын сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет