1.Қалыптастырушы бағалаудың (бағалау критерийлері мен дескрипторларын) ерекшеліктер



Дата05.11.2022
өлшемі49,52 Kb.
#47699
Байланысты:
крит 7

1.Қалыптастырушы бағалаудың (бағалау критерийлері мен дескрипторларын) ерекшеліктер



Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Критерийлер-оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әртүрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды;
Дескрипторлар- оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады; · Әрбір сабақ барысында мұғалім қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың дескрипторлары мен бағалау критерийлерін құру қажет. Оқушы дескрипторлар арқылы тапсырманы орындап, бағалау критерийлеріне қарай бағаланады; · Тапсырма сабақ тақырыбына емес, оқу мақсатына сәйкес беріледі; ·
Тапсырма құрастыру үшін мұғалімге:
1. Оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
2. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
3. Тапсырма құрастыру кезінде бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
4. Бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
5. Әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады. ·

2.Қалыптастырушы бағалау ерекшелігі мен маңызын «Блок-схемаға» сала отырып, ерекшелігін айқындаңыз.




Қалыптастырушы бағалау




Ерекшеліктері

Маңызы

 оқушының күнделікті білім сапасы

білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу,

оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою,

оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы

бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы,

оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді

бағалау таңбаланбайды

әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі

ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.



өзін-өзі бағалау дағдылары.


3.Қалыптастырушы бағалау жайлы ғалымдардың ой-тұжырымдарынан глоссарий құрастырыңыз

  • «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин білім алушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.


  • Луни: «Қалыптастырушы бағалау – оқудағы қажеттіліктерді анықтап, сәйкесінше оқыту үдерісін өзгерту мақсатында оқушының алға ілгерілеуі мен материалды игеруін жиі, интербелсенді бағалау» деп анықтама берген (2005)

  • Каль: «Қалыптастырушы бағалау  мұғалімдер білім алушылардың өтіліп жатқан тақырыптар мен дағдыларды игеруін бағалау үшін қолданатын құрал. Белгілі бір тақырып өтіліп жатқанда білім алушы қате түсінігін және түсінбеген мәселелерін анықтаудың «өзегі» болып табылады»

  • Броудфут, Догерти, Гарднер, Харлен, Джеймс және Стобарт (2002) және т.б. ғалымдар «Білім алушылар оқудың қандай сатысында екенін, қандай бағытта жүру және сол бағытқа қалай жету керектігін шешу мақсатында мұғалім мен оқушылардың дәлелдерді іздеуі және түсіндіру үдерісі» деп өздері анықтама берген.

  • Беннет (2009) айтқандай, бір терминді екіншісімен ауыстыру анықтамамен байланысты қиындықтарды жеңілдетуге ғана көмектеседі.

  • Оқу үшін бағалау – ізденетін, ойланатын, диалогтан, таныстырылымнан, қадағалауданалынған ақпараттың негізінде әрекет ететін, сол арқылы күнделікті оқуды жақсартатын білім алушылардың, мұғалімдер мен құрдастарының күнделікті жұмысының бөлігі (Кленовски, 2009)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет