Іш сүзегі (брюшной тиф)
73#
* !Ер адам, 25 жаста, ауыл тұрғыны, кіші қара мал ұстайды. 15жасында жедел бруцеллезбен ауырған. Бірнеше ай бойында дене қызуы 37,2-37,5 С-қа дейін жоғарылайды, түнгі уақытта тершеңдік мазалайды, ірі буындардың ауыруы, шаршағыштық мазалайды. 3 күн бұрын басы қатты ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болған, әлсіздігі күшейген. Физикальдітексеру: терісі ылғалды. Сол жақ тізе буыны ісінген, айналасындағы терісі қызарған, ыстық. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі (ригидтілігі) + 3-4 см, Керниг симптом «оң». Қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Нәжісі мен зәр шығаруы қалыпты.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Екіншілік созылмалы бруцеллез (бірнеше ай бойы деп жазған)
74#
*!Әйел адам, 48 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, түнгі уақыттағы тершеңдік, сол жақ білезік буыны мен, жамбас буындарының және белінің ауыруы. 8 ай бұрын жоғары қызбамен, қалтыраумен, тершеңдікпен, буындардың ауыруымен өткен аурумен ауырған. Эпид.анамнез: шаруасында қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоционалды тұрақсыз. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Оң жамбас буынының аймағындағы терісі қызарған, ісіну байқалады. Осы аймақта пальпация ауыру сезімді, буындағы белсенді және пассивті қозғалыстар ауырады. Жапы қан анализінде: лейк.-4,8´109/л, ЭТЖ - 36 мм/сағ.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Екіншілік созылмалы Бруцеллез
Лабораторлық диагностика жоспарына кіреді:Райт Хедельсон реакциясы или Транспорттық ортаға қанды себу
75#
*!Әйел адам, ауыл тұрғыны, үйде мал ұстайды. Бір ай бұрын ауырып бастаған, дене қызуы 38-390С-қа дейін жоғарылаған, қылтырау, айқын тершеңдік, бас ауыруы мазалаған. Шағымдарына қарамастан жұмысын жалғастыра берген. Объективті: жағдай орташа ауырлықта. Мойын, қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген. Гепатоспленомегалия. Жалпы қан анализінде - лейкопения, лимфоцитоз.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Жедел бруцеллез (сарып) (үш айға дейін болса жеделге жатады)
76#
*!Әйел адам, 32 жаста. Шағымдары: тізе, тобық буындарындағы ауыру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тершеңдік. Буындардың ауыруы мен тершеңдік 3 жыл бойы мазалайды. Алты жыл бойы сауыншы болып жұмыс істейді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Т-37,5°С. Микрополиаденит. Оң жақ тізе буыны ісінген, ондағы қозғалыстар шектеулі, ауырсыну байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі - 78 рет/мин. ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ. Бауыр үлкейген, көкбауыр пальпацияланбайды.
Ең дұрыс болжама диагноз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |