1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері


Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері



бет13/23
Дата10.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#81101
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
физ рк22 (копия)

21. Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері.
Гемодинамика-қанның қан тамырлар бойымен жылжуы.
Гемодинамика көрсеткіштері:
1. Қан қысымы-артериялық, веналық, капиллярлық.
2. Қан ағысының жылдамдығы -сызықтық, көлемдік, қан айналымының толық уақыты.
3. Тамырлардың шеткі кедергісі
4. Тамырлар серпінділігі немесе ширығу дәрежесі.
Қан қысымы – қантамырлар ішіндегі қысым болып табылады.Ол артериялық, жүрекішілік, капиллярлық және веналық болып бөлінеді. Артериялық-артерияда қан тудыратын қысым.
Әсер ететін факторлар:

  • Жүректің жиырылу күші немесе жүректің жұмысы (СҚК, МҚК).

  • Тамырлардың шеткі кедергісі немесе тамырлардың ширығу дәрежесі - қан ағымына қарсы күштен пайда болады.

  • Қан айналымындағы қан көлемі.

Веналық-вена қантамырларында болатын қысым.
Әсер ететін факторлар: 1.Кардиалды факторлар. Жүрек жұмысы-қанды қозғалтатын күш, қысым айырмашылығы, қолқадан басталып қуыс венаға дейін қанның қозғалысы мен жүрекке қайтуын қамтамасыз ететін күш.
2.Экстракардиальды факторлар (жүректен тыс):

  • Теріс кеудеішілік қысым

  • Құрсақішілік жоғары қысым

  • Қаңқа еттерінің жиырылуы

  • Вена тамырларының қақпақшаларының болуы

  • Вена тамырларының біріңғай салалы бұлшықеттерінің тонусы

Қан ағысының жылдамдығы
1. Көлемдік қан ағысының жылдамдығы – бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қан көлемі, ағзалардан өтетін қан мөлшері мен метаболизм қарқынын сипаттайды (мл/с).
2. Сызықтық жылдамдығы – қан тамшысының (белгілі бір көлемінің) бір секунд арасында өткен жолын айтады. Ол тамырлар саңылауларының жинақты ауданына байланысты (мм/с, см/с). Қантамыр кең болған сайын, қан ағысының сызықтық жылдамдығы аз болады.

  • Аортада – 30-50 см/с.

  • Қуыс венада – 20-25 см/с.

  • Капиллярларда – 0,03-0,05 см/с.

3. Қан айналымының толық уақыты – бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақыты. Қалыпты жағдайда - 23 немесе 27 систола.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет