Өткізгіштік дегеніміз – қозуды белсенді күйдегі аймақтардан тыныштық күйдегі аймақтарға өткізу қабілеті. Жүректің өткізгіштік қасиеті электротониялық табиғатқа ие. Ол атиптік және жұмысшы миокард жасушалар арасындағы нексустардың және кардиомиоциттерді бөліп тұратын қосымша пластинкалардың төменгі электрлік кедергісімен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, кез келген аймақты табалдырықтан жоғары тітіркендіру миокардтың түгел қозуын тудырады. Бұл жүрек бұлшықетінің ұлпасын жекелеген жасушаларға (функционалдық синцитий) морфологиялық түрде
ажыратылған деп санауға мүмкіндік береді. Жүрекшелер бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 1 м/с. Қарыншалар бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 0,8 м/с.
Жиырылғыштық дегеніміз – жүрек бұлшықетінің ұзындығының өзгеруі немесе оның кернеу күшінің өзгеруі.
• Жүрек ырғақты түрде, жеке дара жиырылу режимінде жұмыс атқарады.
• Жүректің жиырылуы систола деп алатады. Алдымен жүрекшелер, содан соң қарыншалар жиырылады.
• Жиырылу фазасынан кейін босаңсу фазасы, яғни диастола болады.
Созылғыштық – жүрек бұлшықетінің созу күшінің (қысымының) әсерінен өз құрылымын еш бұзбай отырып, ұзындықты арттыра алу қабілеті.
Эластикалылық – жүрек бұлшықетінің деформациялайтын күштің әсері аяқталған соң
бастапқы күйге қалпына келе алу қабілеті.
16. Жүрек автоматиясының құрылымы, табиғаты мен градиенті туралы. Жүректің өткізгіш жүйесі. Автоматия – жүрек етінің ерекшелігі. Жүректегі пайда болатын импульстер арқылы жүректің ырғақты соғуын айтамыз. Автоматияның себебі – зат алмасу өзгерісі. Жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты. Жүрек автоматиясының табиғатын түсіндіру үшін екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік теория бар. Миогендік теория бойынша жүректің автоматиялық қасиеті ет тіндерінің қозуына байланысты. Нейрогендік теорияға сәйкес жүрек автоматиясы өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады.
Жүрек автоматиясының градиенті.
Жүрек автоматиясында айырмашылық ол градиент. Синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын автоматиялық дәрежесі төмендейді.