19.Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі. Данини-Ашнер рефлексі. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі. Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан, проприорецепторлардан, интерорецепторлардан, рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты (аорталық, сино-каротидтік, лөкпелік, Бейинбридж аймағы). Данини – Ашнер тәжірибесі. Адамның көз алмасына басатын болса, жүрек соғу жиілігі әдетте баяулайды. Бұл құбылыс кезбе жүйке ядроларының реф- лексті қозуымен түсіндіріледі. Рефлекстің доғасы көз қозғалтқыш жүйкенің афференттік талшықтарынан, сопақша ми нейрондары мен кезбе жүйкеден құралған, қозған кезде жүрекке тежегіш әсер тудырады. Жұмыстың мақсаты: Жүректің жанама рефлексін бақылау. Жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: Секундомер, стерильді сүлгілер. Зерттеу обьектісі-адам. Жұмыс барысы: Зерттелушінің жүрегінің соғу жиілігін (пульс бойынша) анықтайды. Эксперимент жүргізуші қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен стерильді дәке сүлгі арқылы 10 секунд бойы көз алмасын ақырындап басады. Көз алмасын басқаннан кейін, тез арада жүрек соғуын қайтадан санайды. Әдетте бұл жағдайда пульстің соғуы шамамен 10 – ға азаяды. Жұмыс нәтижесі және оны өңдеуге нұсқау: Зерттелушінің көз алмасын басқанға дейінгі және басқаннан кейінгі пульстік жиілікті хаттамаға тіркеңіздер. Рефлексті доғаның схемасын салыңыздар. 20. Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі. Гормондар, медиаторлар және иондар, басқа да химиялық заттар қан арқылы миоциттерге өтіп, жүректің қызметіне тікелей әсер етеді. Ал гуморальдық заттар жүрекке жүйке тонусын өзгертуі арқылы әсер ете алуы мүмкін. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормонын жиілететін адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Гуморалдық әсері күшті заттардың деңгейі жүйке әсеріне тәуелді болады. Белгілі бір жүйке бір тінге әсер ету үшін өзінің ұшынан химиялық зат бөліп шығару арқылы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. ене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді. Жүйке әсерін тіндерге жеткізетін химиялық затты медиатор деп атайды. Бұл термин адам денесінде түрлі әрекеттерді реттейтін нейрогуморалдық механизм бар екені туралы пікір туғызған болатын. Және осы пікірдің дұрыс екеніне гуморалдық заттардың жүйке орталығына тікелей әсері де дәлел бола алады.