1.Қарапайымдылар типі



бет3/6
Дата07.06.2023
өлшемі200,68 Kb.
#99409
1   2   3   4   5   6
3-сурет. Шұбалшаңның асқорыту, қанайналым, жүйке жүйелері.


Омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы және тынысалу. Гидрада тынысалу мүшесі жоқ. Суда еріген оттегін бүкіл денесімен сіңіреді. Көмірқышқыл газы дене жабындысы арқылы сыртқа шығарылады. Газалмасу гидра денесінің әр жасушасында өтеді.
Ал шұбалшаңда (жауынқұрты) оттегі дене сыртының сілемейленіп тұратын жұқа тері жабыны арқылы қанға сіңіріледі де, қанмен денедегі барлық жасушаларға тасымалданады. Қанмен келген оттегі жасушаға өтеді. Жасушада түзілген көмірқышқыл газы қанға сіңіп, сыртқы тері жабыны арқылы сыртқа шығарылады.
Көпжасушалы жануарлардың ішінде ұлудың да тыныс алуды қамтамасыз ететін арнайы мүшелер жүйесі бар (1-сурет). Құрлық ұлуындағы (жүзім ұлуы), сол сияқты суда тіршілік ететін тоспаұлу денесінің бақалшақ жиегімен түйісетін алдыңғы арқа жағында орналасқан тыныс саңылауы – сондай мүше. Осы саңылау арқылы шапанша (мантия) қуысына ауа кіріп, осы қуыстағы қантамырларымен торланған шапанша қатпары – шапанша қалтасында қанға сіңеді. Оттегіне байытылған қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тасымалданады. Денеде түзілген көмірқышқыл газы қанмен бірге шапанша қуысына келіп, тыныс саңылауы арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

1-сурет. Ұлудың ішкі құрылысы.
Қосжақтаулы былқылдақденелілерде (2-сурет) шапанша қуысы дененің екі бүйіріне қараған жағында орналасып, көлденеңінен тілімделген екі жұп тақташалары болады. Әрбір тақташада көптеген кірпікшелер бар. Кірпікшелердің үздіксіз қозғалысы судың ағынын туғызады. Су ағыны дененің артқы жағындағы шапаншаның төменгі кішкене саңылауы (сифоны) арқылы ішке құйылады. Сәл жоғарырақ орналасқан жоғарғы саңылау (сифоны) арқылы сыртқа шығады. Төменгі саңылау – су кіретін сифон, жоғарғы саңылау – су шығатын сифон деп аталады. Осы екі сифонның жұмысы арқасында шапанша қуысын су ағыны үздіксіз шайып тұрады. Суда еріген оттегі осы «желбезек» арқылы қанға сіңеді де, денедегі көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет