1.Қарапайымдылар типі



бет2/6
Дата07.06.2023
өлшемі200,68 Kb.
#99409
1   2   3   4   5   6
1-сурет. Гидра және оның құрылысы.

Эктодерма қабаты тері-бұлшықет жасушаларынан, атпа жасушалардан, жүйке және аралық жасушалардан түзіледі (1-сурет).


Энтодерма қабаты асқорыту-бұлшықет жасушалары мен безді жасушалардан тұрады және ішек қуысын астарлап жатады. Атпа жасушалар қармалауыштарда орналасады және олардың ішінде улы сұйығы бар қапшығы (капсуласы) болады. Қапшықта шиыршықталған жіңішке атпа түтікше-жіп жатады. Мұндай жасушаның гидра денесі жабынынан сәл қалтиып шығып тұратын сезімтал талшығы болады. Судағы ұсақ шаян немесе су бунақденелілерінің дернәсілі гидра денесіндегі сезімтал талшыққа тиіп кетсе, қапшықтағы атпа жіпше лезде жазылады да, денесіне жайылады. Гидра жемді қармалауыштары арқылы ауызына апарып, жұтады. Жем ішек қуысына түскен соң безді жасушалардан сәл бөлініп, ас ұсақталып қорытыла бастайды. Асқорыту-бұлшықет жасушаларының талшықтары ас түйіршіктерін араластырады да, пайда болған жасуша жалғанаяқтары (амеба сияқты) ол түйірлерді орап алып, цитоплазмаға өткізеді. Ас одан әрі вакуольдерде қорытылады. Қоректік заттар ағзаның барлық жасушаларына сіңіріледі. Қорытылмаған қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады.
Қорытынды. Сонымен гидра сияқты ішек қуыстыларда жасушаішілік асқорыту және ішек қуысы ішіндегі асқорыту болады.
Ақ сұлама (планария) сияқты құрттар (2-сурет) ауызы арқылы жұтқыншағын айналдырып сыртқа шығарады да, қорегіне сұғындырып, оны тұтас жұтады. Қорек ішекте қорытылады. Сөйтіп ауыз, жұтқыншақ және ішек ақ сұламаның асқорыту жүйесі болып табылады.

2-сурет. Ақ сұламаның (планарияның) құрылысы.
Ал өздеріңе жақсы таныс шұбалшаңның асқорыту жүйесі күрделі. Оларда ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын және ішек болады (3-сурет). Ас жемсауда жұмсарады, қарында араласады, ішекте қорытылады.
Кеміргіш бунақденелілер (мысалы, зауза қоңыз) аузындағы төменгі тісшелі жағымен жапырақ түйірін аздап ұсақтайды. Бұдан соң өңеш арқылы ас тісшелі қарынға түсіп, сонда әбден ұсақталып, араласады. Ішекте қорытылып, сіңеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет