Байланысты: 1. аржылы менеджментті ма саты ж не міндеттері
Басқару субъектісінің қызметтері қаржылық жұмыс пен шаруашылық үрдісте адамдардың қатынастарына әрекетті жүзеге асыруға бағытталған, қызмет түрін білдіреді. Бұл қызметтер акпаратты жинаудан, жүйелендіруден, беруден, сақтаудан, шешiмдердi жасау мен дұрыс кабылдаудан, оны бұйрыққа айналдырудан тұрады. Бұл қызметтерге: жоспарлау, болжамдау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау жатады.
Қаржылық жоспарлау жоспарлық міндеттердi жасау мен оларды жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін қамтиды. Бұл кызмет табысты болу үшін қаржылық жоспарларды карастыру әдістері мен әдіснамасы жасалады. Бұл қызметтiн жүзеге асуы негiзгi қаржылык қызмет бағыттары бойынша ағымды жоспарлар мен жедел бюджеттер жүйесін жасаумен байланысты. Қаржылық жоспарлаудың негiзгi мiндетi болашақ шаруашылық кезеңге қажетті тауар, қаржы, ақпарат және басқа нарықтарда кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру. Қаржылық жоспарлауда қаржылық жоспардын сонгы максаты, операциялык бюджеттердiң құрамы мен мазмұны, жоспарлаудын әдістері мен технологиясы анықталады.
Қаржылық менеджментте болжамдау - объектінің қаржылық жағдайының ұзақ мерзімдік өзгерісін қарастыру. Болжамдау өзгерістер үдерісін сараптамалық бағалауды ескеру арқылы өткенді болашаққа экстраполяциялау негiзiнде, сондай-ақ өзгерістерді тура болжау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаржылық менеджментте ұйымдастыру қызметi белгiлi бiр ережелер мен процедуралар негiзiнде қаржылық бағдарламаны бірге жүзеге асырушы адамдарды біріктіруді білдіреді. Ұйымдастыру басқару органдарын құру, баскару аппараты - құрылымын құру, басқару бөлімшелері арасында өзара байланысты бекіту, нормаларды жасау. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында ұйымдық құрылымдардын кәсiпорынның өзгеруші жағдайлары мен қаржылық қызметі бағыттарына тұрақты бейімделуді қамтамасыз ету кажет. Қаржылық менеджменттің ұйымдық құрылымы кәсіпорынды басқарудың жалпы ұйымдық құрылымымен үйлесуі керек.
Қаржылық менеджментте peттеу - ауытқулардан туындағанда қаржылық жүйенің төзімді жағдайы қамтамасыз етіле отырып басқару объектісіне әсер ету.
Қаржылық менеджментте үйлестіру - басқару жүйесінің барлық бірліктерінің, басқару аппараты мен мамандар жұмысының реттелген үйлесімі. Үйлестіру - басқару объектісі, басқару субьектісі, басқару аппараты мен жеке жұмыскер қатынастарының бiрлiгiн қамтамасыз етеді.
Қаржылық менеджментте ынталандыру қаржылық қызмет жұмыскерлерін Өз жұмыстарының тиiмдi нәтижелеріне қызығушылықтарды тудырудан көрiнедi. Бұл қызмет жүзеге асу барысында мақсатты қаржылық көрсеткіштерді, қаржылық нормативтерді және жоспарлық тапсырмаларды орындағаны немесе орындамағаны үшін кәсіпорынның жеке құрылымдық бөлімшелерінің менеджерлерi мен жетекшiлерiне сыйақы немесе айып пұл жүйесі қалыптасады. Мұндай ынталандыру жүйесі қаржылық жетекшiлерге еңбек акы төлеудiн келiсiмшарт түрін колдану жолымен камтамасыз етiледi. Бақылау қаржылык жоспарлаудың орындалуын, қаржылық жұмысты ұйымдастыруды тексеруді білдіреді.
Бақылау арқылы қаржылық қаражаттардың колданылуы және қаржылық обьектінің жағдайы туралы ақпарат жиналады, қаржылық бағдарламаларға қаржылық басқаруды ұйымдастыруға өзгерістер енгiзiледi. Бақылау қаржылық нәтижелерді талдауды білдіреді. Қаржылық бақылау қызметiн жүзеге асыру кәсіпорында ішкі бақылау жүйесін жасаумен, жеке қызметкер және қаржылық менеджерлер арасында бақылау міндеттерін бөлумен, бақыланушы көрсеткіштер және бақыланушы кезеңдер жүйесін анықтаумен, бақылау нәтижелерiне жедел әрекет етумен байланысты.