Валюталық тәуекел. Бұл тәуекел сыртқы экономикалық іс-әрекетті асыратын (шикізатты импорттайтын, дайын өнімді, жартылай фабрикаттарды, материалдарды экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорының сыртқы экономикалық операцияларда қолданатын шетел валюта бағамының өзгеруі, күтілетін табыстың көлемін төмендетеді. Шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты өсуінен, кәсіпорын шикізат пен материалдарды импорттағанда шығынға ұшырайды. Ал бұл бағамның төмендеуі дайын өнімді экспорттағанда шығынға әкеледі.
Депозиттік тәуекел.Ол депозиттік салымдарды қайтармауында көрінеді. Депозиттік тәуекел сирек кездесіп, коммерциялық банкті дұрыс таңдамауынан болады.
Несиелік тәуекел. Ол кәсіпорын өз қаржылық іс-әрекетін асырғанда, сатып алушыларға тауарлық және тұтынушылық несие бергенде пайда болады. Көріну формасы болып, шығарған дайын өнімге берілген несие үшін уақытында төлемеу табылады.
Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің бұл түрінде бірнеше көрінісі бар: жаңа салық түрінің енгізілу мүмкіндігі; бар салық ставкасын көтеру ықтималдығы; салық төлемдері бойынша уақыт мерзімінің өзгеру ықтималдығы; салық жеңілдіктерінің алынып тасталынуы. Кәсіпорын үшін болжамсыз болғандықтан (оған қазіргі фискалдық саясат куә), қаржылық іс-әрекетке үлкен әсер етеді.
Құрылымдық тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның ағымдағы шығындарды тиімсіз қаржыландыруымен түсіндіріледі.
Криминогендік тәуекел. Қаржылық іс-әрекетте партнерлардың өзін жалған банкрот болып көрсетуі, ақша мен басқа активтерді заңсыз өзіне алу үшін документтерді жалған қою, персоналдың кейбір активтерді ұрлау т.б. формада көрінеді. Криминогендік тәуекелден болатын бірталай шығындар, оны дербес қаржылық тәуекелге шығарды.
2.Сипатталатын объект бойынша қаржылық тәуекелдің келесі түрлері шығарылады:
Жеке қаржылық операцияның тәуекелі. Ол белгілі бір қаржылық операцияға тән, қаржылық тәуекел түрлерінің бүкіл кешенің сипаттайды(мысалы, белгілі бір акцияны сатып алуға тән тәуекел);
Әртүрлі қаржылық іс-әрекеттің түрлеріне тән тәуекел (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық және несиелік іс-әрекетінің тәуекелі);
Кәсіпорынының бүкіл қаржылық іс-әрекетінің тәуекелі. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетіне тән әртүрлі тәуекелдер.
3.Зерттелетін құралдардың жиынтығы:
Дербес қаржылық тәуекел. Жеке қаржылық құралдарға тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.
Портфелдік қаржылық тәуекел. Портфельге жинақталған кешенді, біртекті қаржылық инструменттерге тән (несиелік портфель, инвестициялық портфель) жиынтық тәуекелді сипаттайды.
4.Зерттелу кешені бойынша:
Жай қаржылық тәуекел. Жеке топшаларға бөлінбейтін қаржылық тәуекелдің түрін сипаттайды. Мысалға, инфляциялық тәуекелді алуға болады.
Күрделі қаржылық тәуекел. Қарастырылатын топшалар кешенінен тұратын қаржылық тәуекел. Мысалы болып, инвестициялық тәуекел табылады.
5.Пайда болу көзіне байланысты қаржылық тәуекелдің келесі түрлері бар:
Сыртқы, жүйелік немесе нарықтық тәуекел (барлық терминдер оны кәсіпорынның іс-әрекетіне байланыссыз тәуекел ретінде көрсетеді). Бұл тәуекел түрі қаржылық іс-әрекеттің барлық қатысушыларына және барлық қаржылық операция түрлеріне тән. Ол кәсіпорын өз іс-әрекеті арқылы әсер ете алмайтын, жеке экономикалық цикл сатылары, қаржылық нарықтың конюктурасы өзгерген кездегі жағдайларға тән. Тәуекелдің бұл группасына инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, салықтық тәуекел және жартылай инвестициялық тәуекелді жатқызуға болады.
Ішкі, жүйессіз немесе арнайы тәуекел (барлық терминдер оны жеке кәсіпорын іс-әрекетіне байланысты екендігін көрсетіп тұр). Ол сапасыз қаржылық менеджментпен, капиталдың актив пен пассивінің тиімсіз құрылымымен, тәуекелдік қаржылық операциялармен аса көп айналысуымен байланысты, бұл факторлардың салдарын қаржылық тәуекелді тиімді басқарумен болдырмауға болады.
Қаржылық тәуекелдерді жүйелік және жүйесіз деп бөлу тәуекелді басқару теориясының алдын- ала жағдайы.
6.Қаржылық салдар бойынша тәуекелдер мынандай топтарға бөлінеді:
Тек экономикалық шығындар әкелетін, тәуекел. Бұл тәуекел түрінде қаржылық салдар тек кері ғана болуы мүмкін;
Пайдадан айырылып қалу қаупін тудыратын, тәуекел. Ол кәсіпорын белгілі бір қалыптасқан субъективті және объективті жағадайлардан, жоспарлаған қаржылық операцияны іске асыра алмау жағдайы;
Экономикалық шығындармен қоса, қосымша табыс әкелетін тәуекел. Әдебиетте оны жиі «спекулятивті тәуекел» деп атайды, себебі ол агрессивті, спекулятивті операцияларды жасаумен байланысты. Бірақ бұл термин онша дұрыс емес, бұл тәуекел инвестициялық жобаны іске асырғанда есептелген табысы төмен, не жоғары болуы мүмкін.
7.Мерзім бойынша көріну сипатына қарай қаржылық тәуекелдің екі тобы бар:
Тұрақты қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияларды асырғандағы бүкіл мерзімге тән болып, тұрақты факторлар қозғалысымен байланысты. Мысалы болып, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел табылады;
Уақытша қаржылық тәуекел. Ол уақытша, қаржылық операцияларды іске асырғандағы жеке этаптарында пайда тәуекел. Мысалы болып, тиімді жұмыс жасап жатқан кәсіпорынның төлемқабілетсіздік тәуекелін алуға болады.
8.Қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдер келесі топтарға бөлінеді:
Рұқсат етілетін қаржылық тәуекел. Ол қаржылық шығындар, қаржылық операция бойынша есептелген шығындар бойынша аспайтын тәуекелді сипаттайды;
Өте қиын жағдайдағы тәуекел. Ол қаржылық шығындар, асырылатын қаржылық операция бойынша шығындар, есептелген жиынтық табыстан аспайтын тәуекелді сипаттайды;
Апатты жағдайдағы қаржылық тәуекел. Ол қаржылық шығындар өзіндік капиталды толық, не жартылай жоғалту қаупімен сипатталады (бұл тәуекел тартылған капиталды жоғалтумен де бірге жүреді).
9.Болжау деңгейі бойынша қаржылық тәуекелдер екі топқа бөлінеді:
Болжанатын қаржылық тәуекел. Ол экономиканың циклды дамуымен байланысты тәуекелдерді сипаттайды, қаржылық нарық коньюктура деңгейлерінің ауысуы, бәсекелестіктің болжамды дамуы т.б. Қаржылық тәуекелдердің болжамдылығы салыстырмалы сипатқа ие, себебі 100%-қ болжам қарастырылатын жағдайды тәуекел категориясынан алып тастайды. Болжанатын қаржылық тәуекелге инфляциялық тәуекелді, пайыздық т.б. қысқамерзімді тәуекелдерді жатқызуға болады.
Болжанбайтын қаржылық тәуекел. Ол көріну бойынша түсіндірілмейтін тәуекелдерді сипаттайды. Мысалы болып, форс-мажорлық топтың тәуекелдері, салықтық тәуекел және т.б. табылады.
Осыған сәйкес қаржылық тәуекелдер реттелетін және реттелмейтін тәуекелдер деп бөлінеді.
10.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржылық тәуекелдер де екі топқа бөлінеді:
Сақтандырылатын қаржылық тәуекел. Оларға сыртқы сақтандыру тәртібі бойынша сақтандыру ұйымдарына берілетін тәуекелдер жатқызылады.
Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекелдер. Оларға сақтандыру нарығында ұсыныс жоқ тәуекелдер жатқызылады.