1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері


Тәуекелді әртараптандыру әдісі



бет11/13
Дата05.05.2023
өлшемі49,65 Kb.
#90074
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1. аржылы менеджментті ма саты ж не міндеттері

Тәуекелді әртараптандыру әдісі
Бұл әдістің негізі тәуекелді белу болып табылады және ол келесі түрлерге бөлінеді:
- компания қызметкерлері арасында жауапкершілікті бөлу. Жүмыстарды тәуекелді басқару бойынша бөліп беруде қызметкерлердің қүқықтары мен міндеттерін анықтап, лауазымдық нұсқау құру қажет.
- шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту;
- шикізат пен материалдарды әртараптандыру;
- капиталды инвестиция түрінде бірнеше шағын жобаларға
салу және т.б.
Тәуекелді компенсациялау әдісі
Тәуекелдерді компенсациялау тәуекел факторлары мен себептерінің пайда болуына жол бермейтін жағдайларды калыптастыру әдістеріне жатады. Тәуекелдерді компенсациялаудың негізгі әдістері:
- кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспар құру тәуекелдің туындауын алдын ала болжауға және оны тиімді басқару үшін қажетті шараларды дайындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық жағдайды болжау осы кәсіпорынның болашақ қызмет жүргізу ортасын бағалау және даму бағыттарын дайындау, нарық секторлары мен сегменттеріндегі өзгерістерді, серіктестердің немесе бәсекелестердің өрекетін болжау болып табылады;
- әлеуметтік-экономикалық және нормативті-құқықтық ортаға мониторинг жүргізу әлеуметтік-экономикалық туралы ағымдағы ақпаратпен танысу болып табылады. Осы әдісті қолдану үшін компьютерлік нормативтік-анықтамалық ақпарат, коммерциялық ақпарат желісіне қосылу, жеке болжамды аналитикалық зертгеупер жүргізу, кеңес беру фирмалары мен тәуелсіз кеңес берушілердің қызметін пайдалануы керек.
3.Тәуекелдікті басқару стратегиясы
Тәуекелді басқару жүйесі жоспарланған табысқа жету мақсатында тәуекел түрлерін анықтау және олардың дәрежесін төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудан тұрады.
Кәсіпкер тәуекелден қашпауы тиіс керісінше, оны дұрыс басқарудың жолдары мен тәсілдерін іздеуі керек.
Тәуекел - компанияның қызметіне оң немесе теріс ықпал ететін болжанбаған оқиғалардың пайда болу ықтималдылығы.
Тәуекелдің орын aлу ықтималдыгы - тәуекелді жағдайдың пайда болу ықтималдығы, яғни бұл жағдайда кәсіпорын шығынға ұшырауы мүмкін. Шығындардың орын алу ықтималдығын объективті жөне субъективті әдістер арқылы анықтауға болады. Объективті әдіс ұқсас шарттарда алынған қандай да бір нәтижелер жиілігін шығару арқылы анықталады. Субъективті ықтималдық анықталған нәтижеге қатысты болжам түрінде болады. Субъективті әдіс көсіпкердің тұжырымымен жеке тәжірибесінің негізінде анықталады.
Тәуекелдің деңгейі - тәуекелдің пайда болу ықтималдығын салдарына көбейту арқылы анықталатын көрсеткіш.
Тәуекелдерді өлшеу - тәуекелді жағдайдың орын алу ықтималдығы.
Тәуекелді бағалау, ең алдымен, компания қызметінің ерекшелігі мен маңызына, тәуекелді басқаруға қажетті ресурстар көлеміне, тәуекел салдарын қаржыландыру мүмкіндікгеріне қарайды. Тәуекелдің деңгейі капиталдың мөлшері мен сенімділігі, тиімділіктің жоспарланған деңгейі және т.б. параметрлерді ескере огырып анықталады.
Тәуекелді талдау - тәуекелдің пайда болу факторларын анықтау және олардың маңыздылығын бағалау, яғни тәуекелді жағдай дың орын алу ықтималдылығы мен компанияның алдына қойған мақсатына жетуге кері әсерін тигізетінін анықтайтын іс-шаралар жиынтығы. Тәуекелді талдау айқындалған тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету әдістерінен түрады.
Тәуекелді бағалау- бұл тәуекел деңгейін сандық және сапалық жағынан анықтау.
Тәуекелді басқару - тәуекелді анықтау, талдаумен және тәуекел орын алған жағдайда оның теріс салдарын төмендету немесе оң нәтижелерін жоғарылату туралы шешім қабылдаумен байланысты үдерістер.
Компания тәуекелдерін басқару үдерісі келесілерден тұрады:
1. Тәуекелді басқаруды жоспарлау - компания төуекелдерін басқару бойынша іс-шараларды жоспарлау және әдістерін таңдау.
2. Күтілетін тәуекелдерді анықтау мен идентификациялау компания қызметіне кері әсерін тигізетін төуекелдерді анықтау.
3. Тәуекелді сапалық бағалау - тәуекелдерді идентификациялау,сонымен қатар оның деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.
4. Тәуекелді сандық бағалау - жекелеген тәуекелдер мен жалпы компанияның тәуекёлдерін сандық жағынан анықтау.
5. Тәуекелдің туындауына орай әрекет етуді жоспарлау - тәуекел деңгейін төмендету мен мүмкін болатын артықшылықтарды пайдалану үшін әрекеттер мен әдістерді анықтау.
6. Тәуекелдерді бақылау және мониторинг жүргізу - тәуекелдер мониторингі,компания тәуекелдерін басқару бойынша жоспарды орындау және шығындарды минимизациялау бойынша іс-шаралардың тиімділігін бағалау.
Аталған барлық үдерістер бір-бірімен тығыз байланыста және өз кезегімен орындалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет