47. Үмбетей жыраудың «Бұқарға» атты жырының мазмұны, көркемдігі. Ең бірінші кезекте өлеңнің шығу тарихына келетін болсам: барлығымызға тарихтан белгілі Үмбетей мен Бұқар жақын достар болыпты. Үмбетей Бұқарды әлденеше рет қонақ етіп, өзінің ықыласын білдірген екен. Кезек Бұқарға да келіп жетіпті. Алайда Бұқарекеңнің зайыбы қараулау кісі болғаны соншалық, Үмбетей келгеннен бастап оң қабақ таныта қоймапты. Тіпті ауырып жатырмын деп өтірік ауырған болып жатып қалады. Мұны көрген Үмбетей «Бұқар» өлеңін шығарып, Бұқарға қаратып айтқан өлеңі екен. Жалпы өлеңнің көркемдік идеясы- өскелең ұрпаққа, әсіресе қыз балаларға, үлкен ғибрат айту арқылы, жақсы мен жаманды айыру, «Баланы жастан, Қатынды бастан» демекші, өмірлік жарды дұрыс таңдау керектігін, басынан бастап тәрбиелеп, өзін сыйлата білу керектігінен хабар беріп, ескертпе айтып тұрғандай.Жалпы өлең арнау кейпінде, шалыс ұйқасына жазылған өлең. Өлең жалпы 7 шумақтан тұрады, 7-8 буынды, 3 бунаққа жазылған. Өлеңде эпифора, оның ішіндегі симплока көп кездескен. Яғни ортаңғы қайталау.Одан бөлек «тең» метафорасы өлеңге ерекше ажар қосып тұрғандай. Яғни бұл өлең арқылы жаман нәрселерді, адамдар мен жаман мінездерді теңеу арқылы өскелең ұрпаққа тәрбие беріп тұр.Одан бөек кейіптеу мен аллигория да кездеседі. Жалпы шумақтар бір-бірімен ынтымақтастықта жазылған.
48. Көкорай шалғын көк майса
Сырдың бойын жайладық. Не туралы кімнің шығармасы.
Жалпы өлең Ақтамберді Сарыұлының «Күмбір-күмбір кісінетіп» өлеңінен алынған. Өлең батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы толғау болып табылады. Толғаудың негізгі мазмұны- ел басына күн туғанда жұрттың үдіре көшуі, жыраудың жанына батып, жанын күйзеліске түскені, атамакен толғанысы бүкіл кеңістікке деген шынайы махаббатпен астасып жатқандығы туралы айтылған. Яғни толғауда:
Көк орай шалғын, көк майса,
Сырдың бойын жайладың...
Жетісу, Балқаш, Ұлытау,
Сауық құрып тойладың...
Үдіре көшіп, қонған жер,
Тоқырауды тапшы деп,
Сарысу мен Атасу,
Бермекпіз кімге алшы деп?! Деп өзінің мекен еткен жерінен хабар береді. Келесі бір жолдарында жауға ту байлап шығып ,соғыс шебінің қақ ортасында жүргендігін туралы айтылда. Яғни бұл отанға деген құрметті, сүйіспеншілікті, батырлықты, қайсарлықты танытады. Азамат пен асқақ ақындық жырдан анық аңғарылып, жыраудың өршіл рухын асқақтата білген.
Бір жағынан табиғаттың әсемдігін, туған жерін суреттеп көрсетіп отыр десек те болады. Бұндай тақырып Қазтуған шығармашылығынан да орын алған. Яғни ол кісіде:
Ноғайлы-қазақ жұртының,
Кейінгі туған балалары-ай...
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын,
Қарт бурадай тіздеген,
Мен қарға бойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын,
Ноғайлы-қазақ елінен. Делінген. Яғни барлығының болып жатқаны, халықтың басынан кешіп отырғаны- жаудың зорлығы, туған жерін амалсыз тастауға мәжбүр болған шарасыздық.Соны көре тұра ашынған қазақ батырлары атқа мініп, елім, жерім, жұртым үшін деп ел үшін аянбай қызмет еткен. Міне бұл өлеңдер сол маңдай тердің жемісі, көрінісі.
49-55 сұрақтар 49. Шалкиз жыраудың өмірі мен шығармашылығы. Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Шалкиіз жыраудың есіміне қатысты айтылғанда, «Шалгез», «Шәлгез» түрінде келетінін көреміз. Жалпы қазақта «шәлгез», «шәргез», «шалкес» деген сөздің «асау» деген мағынасы бар екенін де ескерсек болады.Шалкиіз жыраудың шығармашылығынан байқалатын дарындылық, асаулық сарынға бола, өз заманында солай лақап атқа ие болған болуы да мүмкін деп болжауға негіз бар. Шалкиіз жыраудың өмір сүрген уақыты – Ұлы Далада көшпенді халықтар құрған қуатты феодалдық мемлекеттердің дәуірлеп тұрған шақ болатын. Шалкиіз жыраудың жырларындағы салтанатты да еркін өмір «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында көрініс тапқан. Бір айта кетерлігі – мұндай толғау Доспамбет жырауда да бар. Екеуіндегі ой бірдей болғанымен, Доспамбет жырында ер жігіттің дәурен сүріп, басынан өткерген оқиғасына өкінбейтіні өткен шақта айтылады: