1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Шалкиз поэзиясының өзінен кейінгі әдебиетке әсері кімдерде байқалады?



бет14/45
Дата15.11.2023
өлшемі257,63 Kb.
#123604
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін -emirsaba.org

26. Шалкиз поэзиясының өзінен кейінгі әдебиетке әсері кімдерде байқалады?
Шалкиіз – өзінен кейінгі дәуір поэзиясына елеулі ықпал, әсер еткен жырау. Бұл салада М.Мағауин бірқатар мысалдар келтіріп, құнарлы пікірлер айтады. Ғалымның пікірінше, халық ауыз әдебиетіндегі «Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан», «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық», «Жаманнан туған жақсы бар, Адам айтса нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Бір аяқ асқа алғысыз», «Дұшпаныңнан бір сақтан, жаман достан мың сақтан» сияқты мағыналы сөздер Шалкиіз жырлары арқылы тарап, мақал-мәтелге айналғанға ұқсайды.
Шалкиіз жыраудың көркемдеу тәсілдерінде, ягни образ жасау, сөз қолданыстарында халықтық эпостарға тән белгілер мол көpiнiс тапқан. Ежелден келе жатқан әдеби дәстүр сақталған
Шалкиіз шығармашылығы кейінгі дәуір ақын, жыраулар шығармашылығына да әcepi мол болды. Оның жырларының түр, стиль, образ өрнектерінен кейінгі ақын, жыраулар игі өнеге алған. Қажет жағдайда Шалкиіз жырларының жолдары мен бейнелі тіркестерін өз жырлары арасында сол күйінде қолданып, не өзгертіп, жаңғыртып, ұстарта жырлаған. Мысалы, Махамбет өлеңдеріндегі «Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген», «Бұзбай құлан пісірмей, мұз үстінде от жақпай» сияқты бірқатар бейнелі тіркестердің түп төркіні Шалкиіз жырлары екендігі аңғарылады. Осы сияқты қолданыстар XIX ғасырдың көрнекті импровизатор ақындары Абыл мен Шерниязда кездеседі.
Жыраудың бізге белгілі бірден бір эпикалық туындысы – „Ер Шобан“ жыры. «Ер Шобан» алғаш рет «Шайыр» жинағында авторсыз жарияланған. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан» жинақтарында М.Мағауин оны Шалкиіз шығармалары қатарында береді. М.Мағауиннің «Ер Шобанды» Шалкиіз шығармасы деп санауына Мұраттың «Шәлгез» аталатын толғауы себеп болған сияқты. Мұрат «Ер Шобандағы» оқиға желісін және батырларды бейнелеу тәсілін ғана үлгі тұтқан. Суреттеу әдістерінің ұқсастығы ғана болмаса, бейнелеу, ажарлауларында «Ер Шобанды» қайталап жатқан егіз қозыдай сөз тіркестері жоқ. Тіпті, М. Мағауиннің өзі айтқандай, Мұрат толғауында Шалкиіздің «...өзіне ғана тән стилі көрінбейді». Ғалым Ә.Дербісәлин Естерекұлы Ер Шобанның тарихта болған адам екенін дәлелдер келтіріп, Ер Шобан Шалкиіз сияқты әрі батыр, әрі жырау болған, «Ер Шобан» сол жыраудың туындысы деген тоқтамға келген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет