2. Доспамбеттің “Қарағайлы көдік бойында” атты жырындағы көркемдік нақыштар. Қарағайлы көдік бойында Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы алтын, сабы жез. Бейазының бойында Күзен, қарсақ жер ме екен?! Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудың өзі еді. Мандайы күнге тимеген, Желге шашын үрмеген, Серпіліп адам бетін көрмеген, Қалай күні кешті екен! Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы Хан қызындай сұлтанның Айдындықтай ақ білегін жастанып, Ерең үйін тіктіріп, Омыраудағы он түймесін ағытып, Кейінгі қалған көпекке Қалай да белін шешті екен!?.. Қызындай, айдындықтай- теңеу Портреттік деталь Бастапқы тармақтарда қамышысының бедерін суреттеген. Өрімін, сабын, терісін сипаттаған Одан кейінгі жолдары өзінің жарын бейнелеген, осы жерде портреттік детальді байқай аламыз, теңеу арқылы жүзін сипаттаған
3. Көтеш ақын шығармашылығын зерттеушілер. Баянауыл өңірінің тумасы Көтеш ақынның даңқы «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын өлеңі арқылы шыққан. Хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеуші ғалым М.Мағауиннің жазуынша, Көтеш осы өлеңін шығарған кезде он жеті жаста екен. Ақынның бұл өлеңіне тән кейбір сипаттарды ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясына шолу жасау барысында айтып өткен едік. Негізінде, Көтештің ақындық даңқын шығарған осы өлеңге себепкер болған оқиғаның нақты жай-жапсары белгісіз. Десек те, өлеңнің бірінші шумағын оқи отырып, Мейрам руының Ботақан деген жігіті кісі қолынан мерт болғанын, оның өлімі үшін Абылайды кінәлі санаған жігіттің руластары Хан ордасын қоршай жиылып, құн даулағанын көреміз. Екінші шумақтан аңғарылатын жағдай – Абылай ханның салдырған қаласының өртеніп кеткендігі, сол өрт үшін Мейрам руының Жанай деген адамының кінәланып, қамауға алынғаны, «Мейрам руына жала жабылды» деп ашуланған жұрттың тағы да Хан ордасына келіп, Жанайды босатуды талап еткендігі. Бұл – қос шумақтан тұратын өлеңнен танылатын көріністер. Ақын өлеңінен көрінетін сурет те, ақын ағайындарының қылығы да, ақынның өз әрекеті де, көңіліндегі реніш те түсінікті. Ақын өз өмірінің шындығы мен сол шындықтан туындаған ішкі сезімін қаз-қалпында бейнелеп берген. Ал осы бейнелердің мазмұнында жалғыз ақын өмірінің емес, жалпы адам баласының өмірлік шындықтары жатыр. Ол шындықтың негізі – құбылмалы дүние философиясы. Бұл философия – ақын ойында кенеттен пайда болған ой емес, өзімен дәуірлес жыраулар поэзиясында алуан үлгіде алға тартылған ойлардың жаңаша қорытылуы, ақындық поэзия ерекшелігіне лайықтала көрініс беруі.