29. Жиембет толғауларының идеялық мазмұны.
Жиембет толғауларының көпшілігінде батырлар мен дала жасақтарының, ержүрек ер азаматтар мен батыл жауынгерлердің ерлік істері дәріптеліп, олардың бейнелері асқан шеберлікпен суреттеліп, ерекше биік серпінмен жырланады. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде Жиембет жырау өзінің батырлық бейнесін алдыңғы қатарға қойып, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді насихаттайды. Мәселен, мына бір толғауында
Менімен ханым ойнаспа!
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай, деп, өзінің қаһармандығы мен қайсарлығын ханның алдында қорықпастан ашып айтады.
30. Жыраулар шығармаларынан синтаксистік параллелизмге мысал келтіріңіз.
Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмді шеберлікпен қолданған жырауларымыздың шығармаларын оқыпта көріп те жүрміз.Синтаксистік параллелизмді қолдана суретеген Ақтамберді жыраудың толғауына мысалы келтіретін болсақ:
Уа, қарт Бөгембай!
Құяр жалын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пәлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа,
Пеңденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа... – (Ақтамберді) –
деп, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
31.«Мадақ жырының» идеялық мазмұнын сипаттаңыз.
«Мадақ жырыны»- Қазтуған жыраудың өзіне арналған,өзін мақтап,мадақтап жазған толғауы.Қазақ өлеңіндегі ерліктің, өрліктің, шамырқанған рухтың, шамданған кектің, буырқанып – бұрсанған ашудың, намыс қуған айбынның келісті сөзі Қазтуған жыраудан басталады. Қазтуған өз бейнесін өлеңімен өзі шебер кескіндейді:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек окқа кіріс-ті,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,
Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!!!
(Мадақ жырының) соңындағы тармақтарында «Мұсылман мен кəуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан», – деген жолдарында қозғайды. Бұнда əлі күнге шейін жауабын айта салуға қиын сыр жатыр. ХV ғасырдың аяғында бұрынғы құдіретті Алтын Орда бір-бірімен қырқысқан ұсақ хандықтарға бөлініп, керісінше орыс княздіктері бір орталыққа бағынған мемлекетке ұйысып, күшейе бастаған кез-де, мемлекетаралық қақтығыстармен қатар дінаралық қайшы-лық та асқынған, осы бұлыңғыр шақта «Арасын өтіп бұзып дінді ашқан», – деп мағынасы өте күрделі сөз тіркесінен мұсылман діні үшін əйтеуір бір игілікті іс жасағаны туралы айтып тұрған сияқты. Бірақ қандай жақсылық жасады? Исламдық оқуды жолға қойды ма, мешіт салдыртты ма екен, я екі дін арасында ара ағайын болып, олардың ортақ ізгілікті қасиеттерін ашты ма екен? Əлде айтайын дегені басқа бір нəрсе ме? (Бірден айту қиын)
Достарыңызбен бөлісу: |