1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


«Үш ай тоқсан, қақ көктем» жылдың қай мезгілі, мәнісін түсіндір?



бет23/45
Дата15.11.2023
өлшемі257,63 Kb.
#123604
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін -emirsaba.org

45. «Үш ай тоқсан, қақ көктем» жылдың қай мезгілі, мәнісін түсіндір?
Бұл жерде қыркүйек айы туралы сөз болып жатыр. Қазақ күнтізбесі бойынша жыл он екі айдың жетінші, ал қазіргі григориан күнтізбесінің тоғы­зыншы айы – қыркүйек болып саналады. Қыркүйек күнтізбелік жылдың 30 тәуліктен тұратын күз мезгілінің алғашқы айы. Әдетте қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталады. Жаңбыр жауып, түнде шөп басына шық түседі. Бұл айда шуақты, тымық күндер де болады. Далада ұзыннан-ұзақ мизамдар шұбатылады. Бұл табиғат амалын халқымыз «мизам шуағы» деп атайды. Қыркүйек айының атауы мал шаруашылығына байланысты туған. Малшылар қой мен ешкінің төлдеу мерзімін жылдың жылы айларына келтіру, малдың қоңын толықтыру мақсатында жаздың басында қошқарлар мен текелерге күйек байлайды. Байланған күйек тоқсан күннен соң алынып, аталық малдар еркін жіберіледі. Сол себепті қазақтар күйек ағытатын мезгілді «қыркүйек» деп атаған. Көне жырларда: Үш ай тоқсан болғанда, Құтылар қошқар күйектен, Ел күйекті шешіпті, Есепші айтты десіпті, – деп айтылса, Нысанбай жырау былайша толғайды: Ай үш тоқсан күні еді, Шаруа шешкен күйегін.
Немесе тарих беттерін ақтарғанда, Жиембет жыраудың бір шығармасында:
Үш ай тоқсан кезінде
Қақ көктемнің кезінде
Қошқар менен бура мас,
Айғыр менен бұқа мас деген өлең жолдарынан көре аламыз.
46. Қазтуған жыраудың өмірі және шығармашылығы.
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуған шежіресі былай түзіледі: Ысмайыл — Дінбай — Тінікей — Абдол — Сүйініш — Қазтуған. Ысмайыл Мұса бидің ортаншы ұлдарының бірі болғандықтан, 1480 ж. шамасында дүниеге келді деп болжауға болады. Ал өлген жылы 1563 жыл. Оның төртінші ұлы Дінбай Орыс би заманының 1578–1590 жылдары атыс-шабыстың бел ортасында болды. Қазтуған — Ысмайылдың бесінші ұрпағы. Əр ұрпаққа 20–25 жастан бергенде Қазтуған 1600 ж. шамасында дүниеге келген болады.
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.
С.Сейфуллин өзінің 1931 жылғы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Арайна, билер, Арайна» деп басталатын жиырма шақты жолдай өлеңін жариялаған.
Қазтуғанның «Бұдырайған екі шекелі...» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті. Нақыл, мақал-мəтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды.Қазтуған Сүйінішұлы бұл жырды мақтан үшін айтпаған. Жырдың ішіне түсіп ден қойса, өкініш дүмпуінен лықсып шыққан өксік екенін аңғаруға болады. Себебі ойдың легі «Мен бұрын қандай едім?» дегендей, өткен шақпен арттағы күндерін көбірек көлденең тартады. Қазтуғанды өксіткен өкініш: кіндік қаны тамған атамекеннің артта қалуы, арман-аңсары біртұтас ноғай мен қазақ жұртының айырылысуы.
А.Сейітова «Қазтуған толғаулары — Ноғайлы-қазақ дəуірі əдебиетінің үлгісі» деген мақаласында мынадай қызық дерек келтірген: «Орталық ғылыми кітапхана қорының қолжазба бөлімінде осы «Арайна» есіміне қатысты мынадай мəлімет бар: «Қазтуғанның Арайна атты жолдасы қаза болып, өтерінде кейінгі жырлардың бəрі «Арайна» деп басталса екен деп өсиет қылыпты-мыс. Бірақ жырау шығармалары біздің заманымызға толық жетпегендіктен, кейінгі толғауларында Қазтуғанның жолдасының соңғы өтінішін қалай орындағаны бізге беймəлім» деген пікір білдірген болатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет