48. Көкорайшалғын көк майса
Сырдың бойын жайладық. Не туралы кімнің шығармасы. Жалпы өлең Ақтамберді Сарыұлының «Күмбір-күмбір кісінетіп» өлеңінен алынған. Өлең батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы толғау болып табылады. Толғаудың негізгі мазмұны- ел басына күн туғанда жұрттың үдіре көшуі, жыраудың жанына батып, жанын күйзеліске түскені, атамакен толғанысы бүкіл кеңістікке деген шынайы махаббатпен астасып жатқандығы туралы айтылған. Яғни толғауда:
Көк орай шалғын, көк майса,
Сырдың бойын жайладың...
Жетісу, Балқаш, Ұлытау,
Сауық құрып тойладың...
Үдіре көшіп, қонған жер,
Тоқырауды тапшы деп,
Сарысу мен Атасу,
Бермекпіз кімге алшы деп?! Деп өзінің мекен еткен жерінен хабар береді. Келесі бір жолдарында жауға ту байлап шығып ,соғыс шебінің қақ ортасында жүргендігін туралы айтылда. Яғни бұл отанға деген құрметті, сүйіспеншілікті, батырлықты, қайсарлықты танытады. Азамат пен асқақ ақындық жырдан анық аңғарылып, жыраудың өршіл рухын асқақтата білген.
Бір жағынан табиғаттың әсемдігін, туған жерін суреттеп көрсетіп отыр десек те болады. Бұндай тақырып Қазтуған шығармашылығынан да орын алған. Яғни ол кісіде:
Ноғайлы-қазақ жұртының,
Кейінгі туған балалары-ай...
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын,
Қарт бурадай тіздеген,
Мен қарға бойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын,
Ноғайлы-қазақ елінен. Делінген. Яғни барлығының болып жатқаны, халықтың басынан кешіп отырғаны- жаудың зорлығы, туған жерін амалсыз тастауға мәжбүр болған шарасыздық.Соны көре тұра ашынған қазақ батырлары атқа мініп, елім, жерім, жұртым үшін деп ел үшін аянбай қызмет еткен. Міне бұл өлеңдер сол маңдай тердің жемісі, көрінісі.
49-55 сұрақтар 49. Шалкиз жыраудың өмірі мен шығармашылығы. Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Шалкиіз жыраудың есіміне қатысты айтылғанда, «Шалгез», «Шәлгез» түрінде келетінін көреміз. Жалпы қазақта «шәлгез», «шәргез», «шалкес» деген сөздің «асау» деген мағынасы бар екенін де ескерсек болады.Шалкиіз жыраудың шығармашылығынан байқалатын дарындылық, асаулық сарынға бола, өз заманында солай лақап атқа ие болған болуы да мүмкін деп болжауға негіз бар. Шалкиіз жыраудың өмір сүрген уақыты – Ұлы Далада көшпенді халықтар құрған қуатты феодалдық мемлекеттердің дәуірлеп тұрған шақ болатын. Шалкиіз жыраудың жырларындағы салтанатты да еркін өмір «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында көрініс тапқан. Бір айта кетерлігі – мұндай толғау Доспамбет жырауда да бар. Екеуіндегі ой бірдей болғанымен, Доспамбет жырында ер жігіттің дәурен сүріп, басынан өткерген оқиғасына өкінбейтіні өткен шақта айтылады: Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес. Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес. Бұл – қайта айналма өткен өмір. Ал Шалкиіз жыраудың қоғалы көлдер қом сулар жайлы толғауы риторикалық сұрау түрінде көрініс табады. Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған? Саздауға біткен қара ағаш, Кімдерге сайғақ болмаған? Жағына жалаң жібек байлаған Арулар кімнен қалмаған? Сондықтан да баста дәурен тұрған шақта, ертең адыра қалатын мынау өткінші өмірдің қызығына бөленіп, тамаша күндер сүрейік дегенді айтады: Күлелік те ойналық, Киелік те ішелік, Мынау жалған дүние Кімдерден кейін қалмаған? Шалкиіз жыраудың шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер соңғы кезеңдерде жиі жарияланып жүр. Олардың көбінде Шалкиіздің тарихи тұлғасын қазақ пен ноғай халықтарына ортақ қарастыру қажеттігі туралы пікірлер жиі көтеріледі.
50. Көтеш ақын шығармасының жыраулық поэзиядан өзгешелігі. Көтеш Райымбекұлы. Көтеш ақын 1745 жылы Баянауыл аймағында туып, сонда өскен. Алғаш рет он жеті жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады. Көтеш ақын жарлы жан-ұяда туған, сол жоқшылық өмір бойы ақынның соңынан қалмаған. Кедейліктің қасіретін көп тартқандығын ақын өлеңдерінің сарынынан білуге болады. Көтеш қартайған шағында иен далада кісі қолынан қаза табады. Ақын ажалы Жолбасар ұрыдан келеді. Ал, енді бір деректерде қазаға ақын әжуасын кек тұтқан әлдебір бай себеп болды деп көрсетеді. Ақын шығармаларына келсек, оның өлеңдерінің біразы ғана бізге жеткен. Бірақ, сол аз өлеңдерінің өзі мол ғибрат, өнеге, өсиетке толы. Тілі жеңіл. Жазылуы қарапайым. Мәселен,