1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Доспамбет толғауларындағы тұлпар бейнесінің ерекшелігін сипаттаңыз



бет2/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
DOC-20230513-WA0021.

3.Доспамбет толғауларындағы тұлпар бейнесінің ерекшелігін сипаттаңыз
Ежелгі дәуірлерден көшпенді өмірдің тіршілігінеүйренген қазақ халқы өздерінің сан ғасырлар бойына қалыптастыра білген жыраулық әдебиеттің көпшілік жанрында жылқы малының бой көрсетуі де ауыз ашып таң қалатын оқиға емес. Елді жау қолынан қорғайтын батырлардың өзіне тән ерлік бейнелерін ел есінде мәңгі қалдыруға тырысқан жырауларымыз олардың мінген тұлпарлардың да бейнелерін ерекше етіп жеткізген. Соның ішінде тілге тиек етіп айта алатын жырау Доспамбет. 
Доспамбет жырау тұлпардың тұл бойын ерекше сипаттай отырып, оның батырлар үшін қосымша қуат екенін жырларымен жеткізген. Тұлпары мықты болса Жауынгерді жеңу қиын болары анық. Сол үшін қазақ халқы, ақын-жыраулар тұлпар бейнесін сүйіспеншілікпен жеткізе білген
4.Жырау мен жыршының қоғамдағы орнын ашып көрсетіңіз.
Жырау дегеніміз- суырыпсалма, өлең сөздерін қару еткен әдебиет саласындағы өнер адамыболып табылады, өзінің елі мен жқртының қамын ойлап, ел мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы, ақылды да парасатты ел ағасы, халқы қиындыққа түссе жол табатын ақылшы, табиғаттың,уақыттың, оқиғалар сырын, заманның бағыт-бағдарын ақыл таразысына салушы және оны сынай, салмақтай білген, айтқаны келген апқыр да көреген дала абыздары. Жыраулар мен Жыршылар өздері өмір сүрген қоғамдағы ең сыйлы тұлғалар болған. 
Жыраулардың поэзиясын зерттеуде жан-жақты зерттеушілігі мен ізденісінің нәтижесіндеәдебиет тарихын зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин Асан Қайғыдан басталатын, терең ойға толы философиялық өкілдерінің шығармаларын олардың өмір сүрген жылдарына қарайтоптастырды.Жырау- ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді көкейкесті мәселелер тұсында толғанған. Сондықтан да «Жыраулар поэзиясы - ақындықтың бастауы» элективті курсы - жыраулық поэзия өкілдерінің шығармашылығын толықтай қамтып, оқушының өз төл әдебиетінің тарихымен танысып, сусындауына жол ашады.Ұрпақ ұлттық рух пен неғұрлым жақын тәрбиеленген сайын ол өзінің адамдық бейнесін ішкі рухпен қаруландырмақ. Бүгінгі ұрпақ санасында адамдық қасиеттің жоғарылауы, өмірге, білімге құштар қоғамның белсенді мүшесі болуға жыраулар шығармашылығының ықпалы зор.Қазақ тарихындағы Асанқайғы, Сыпыра, Қазтуған, Шалкиіз сияқты жыраулардың толғауларынан рухани қуат алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет