1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлардағы ерекшеліктер



бет9/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
DOC-20230513-WA0021.

24. Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлардағы ерекшеліктер.
Үмбетей Тілеуұлы – дидактикалық поэзияның шебері. Оның толғауларынан сырт жаулармен күресте аты шыққан батырлар жайлы көптеген деректерді табуға болады. Сол заманның қайраткерлері, саяси оқиғалары жайлы мол мәліметті болуымен құнды Үмбетей жырларының бірі – «Бөгенбай өліміне»:
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың Бөгенбай!
Бұл жыр Бөгенбай өліміне арналды дегенімізбен, біз бұл өлеңнің мазмұнына қарап, өлген адам емес, тірі адамға арналған деп жорамалдаймыз.
Жыраулар күнделікті өмір күйбеңін, адамдардың мінез-құлқын жырлай бермейді. Оларға асқақ романтика тән. Осы тұрғыдан алғанда Үмбетей жырау өлеңдерінде біз өмірдегі адам мінезіне қатысты жағдайлар көрініс тапқан алғашқы жырау деп білеміз. Бөгенбай батырдың ақылшы серігі бола жүріп, қажеті болғанда өзге жырауларға, тіпті Абылай ханға да қажет болса ойын ірікпей айтып, сөзін өткізе алған батыл адам болғанын жырларынан аңғарамыз.
Үмбетей қолбасшыларды, хандарды, би-сұлтандарды халықтың пайдасы үшін жаман мінезден арылуға байланысты сынап, әділ пікірлерді тілге тиек еткен. Оның жыраулық қабілеті, әсіресе жоқтау түрінде екенін айдан-анық көруге болады. Мысалы,“Бөгембай қазасын Абылай ханға естіртуі”жырында Бөгембай батырдың өлімі арқылы Абылай ханға жеткізіп, естірту “жанайқайын” байқауға болады. Жалпы Үмбетейдің толғауларында сыни көзбен қарау ұстанымдары орын алады.
Өлең жолдары естірту стилінде жазылған. Абылай ханға қарата айтылған өлеңнің құрылымы эмоцияға, экспрессияға толы. Ханға арналған сөздер бұйыру, тілек тілеу, жұбату мағынасын білдіріп отырғанын көреміз. Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын қара өлең ұйқас түрін байқауға болады.
Ей, Абылай, Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тыңдамай.
Талай істер басыңнан
Өтіп еді-ау жасыңнан
Қиын, қызық әрбір жай.
Мәтінде Орта Азия аумағындағы ескі қалалардың атаулары да аталып кеткенін көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет