1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


«Сен – жібексің, мен – жүнмін» -дегенді қай жырау кімге, қандай жағдайда айтты?



бет36/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
DOC-20230513-WA0021.

90. «Сен – жібексің, мен – жүнмін» -дегенді қай жырау кімге, қандай жағдайда айтты?
Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауында»айтқан болатын. Бұл шығармадан автордың Би Темірге деген құрметін аңғаруға болады. Би темірге айтқан Шалкиіздің бұл толғауы өте мән-мағыналы.Шалкиіз өзінің қожайынына,сұлтанына адалдығын көрсеткен.Сұлтанын әрдайым бірінші орынға қоятындығын бейлеген.Оған қандайда бір жағдай болса,өз жанын қиюғада дайын екендігін көрсеткен.Сұлтанының жауына жаумен қарап,досына достықпен қарайтындығын білдірген. Мұсылманша жақсы білім жиған, сақара салтынан тамаша тәрбие алған Шалкиіз жырау Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Жырау «Би Темірге бірінші толғауында» Би Темірдің бейнесін асқақтатып көрсеткен.Толғаудағы көзделетін негізгі құндылықтар: патриотизм,отансүйгіштік,өз халқы үшін мақтаныш,ұлттық сана – сезім десек қателеспеспіз.
91. “Тоғай, тоғай, тоғай су” атты шығарманың көркемдік ерекшеліктері.
Мазмұндық-сюжеттік құрылымы жағынан да, сурет пен сезім тұтастығы жағынан да, шынайылық тұрғысынан да «Айналайын Ақ Жайық» толғауымен сарындас туынды. Яғни, бұл толғауда өткен өмір бейнесі жасалған.
Бұл толғаудың ерекшелігі- нақты қаһарманға(Доспамбеттің өзіне) тікелей байланыстырыла беріледі, сезім сипаты өмірінің мәнді өткеніне қанағаттану, ризашылық танытуға бейім.
Жырау бұл толғауында өз ғұмырында бастан өткерген тіршілігін тізбелей суреттей отырып, соның бәріне риза екенін аңдатады. Тіпті, толғау соңында:
«Бүгін, соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың тұсында
Шаһид кештім, өкінбен!..» –
деп, нығарлай айтуының өзі жырау сезімінің шынайылығын көрсетеді. Сондай-ақ, осы үзіндіден жыраудың батырлық болмысы да, мұсылмандық түсінігі де танылады.
Жырдағы көркемдегіш құралдар: аллитерация, эпитет, теңеу. Мысалы: жырдың алғашқы шумақтары аллитерация болады. Ал эпитет бірнеше жерлерде ұшырасады. «Туған айдай нұрланып» деген тармақтағы айдай сөзі теңеу арқылы жасалып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет