«Ей Абылай,Абылай»-деген жолдардан ханға қаратып сөз айту дәстүрі анық сақталғанын аңғара аламыз.
Тармақ саны-64,буын саны-78-,бунақ саны-2. Ұйқас түрі-ерікті ұйқасқа келеді. 95. Шал ақынның қызбен, жігітпен, кемпірмен айтыстарының ерекшеліктері. Шал ақын – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы көрнекті өкілдердің бірі. Шалдың бірқатар бірқақапай әзіл, айтыстары оның мұрасына ерекше ажар беріп тұратын құбылыс. Шал қағытпаларының шығуына да белгілі бір ситуация, жағдай әсер етеді. Әйтпесе айтысты ол арнайы кәсіп етіп қумаған. Шал айтыстарының ерекшелігі шымшу, ащы әзіл, сатиралық мотив бар. Оның кемпірмен, келіншекпен айтыстарында қоғамдық сарындар көтеріледі. Шал мен кемпірдің айтысындағы ерекшелік- фәлсафа бар, өмір қызығын, артта қалған жас күндерін аңсау бар. Шал мен жігіттің айтысында – Насыбайшы жігітке Шал адам алдында адал боп, борышыңды өтесең құдай насыбай атпағанды кешіредідеген ойды тосады. Бұл айтысының ерекшелігі- сұрақ-жауап сынды бір бабтан тұратын кредосынан жаңылмай, жарқын түйінге тіреледі. Ал «Шал мен қыздың айтысы»айтыстарының ішіндегі ең молырағы, сүбелісі десе болады. Бұл айтыстың шығу негізі арық тоқтыдан басталады. Шал теріс батасын беріп, қызда оған жауап қатады. Дегенмен ертесіне семіз тоқты сойдырып, дұрыс бата алады. Шалда оны мақтап, талабын мойындайды. Екеуі бір-біріне ілтипат білдіріп, сыйластығын көрсетеді. Шал ақынның қай туындысы болмасын көркемдеуіш құралдардың арқасында ерекшеленеді. Мысалға, Шалдың қызбен айтысында бір-бірлеріне әлтипат, сыйластықтарын теңеу арқылы жеткізеді. Әлім жоқ сіздей ермен алысуға, Сізбенен шамам келмес жарысуға. Жаңбырдың іріткісіндей біз бір шалшық, Шалшық қашан теңелген аққан суға. – деген тармақтарда сіздей, іріткісіндей деген сөздер тенеу болады. Ал, Шал мен жігіттің айтысындағы: Таразыға салғанда төмен тартар, Тәубеңнен күнә ісің басым болса- деген тармақтарда дауыссыз дыбыстардың қайталануының арқасында өлеңге сән беретін аллитерация кездеседі.