24.Синоним жасалу жолдары- Мағыналары ұқсас бірақ, айтылуы мен дыбысталуы бір-біріне ұқсамайтын сөздер.
Өз тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі алдыңғы озық мәдениетті елдердің көбінде бар. Орыс халқы өз тіліпдегі синонимдер сөздігін шығарумен екі ғасырдан астам уақыт бойы айналысып келе жатыр. Соның нәтижесінде үлкенді-кішілі әр алуан сөэдіктер жарық көрді. Бұлардың әрқайсы-сының құрлысы да, көлемі де, жасау принципі де турліше, бір-бірінен өзгешелігі болды.
Өнегелі халықтың осындай іс-тәжірибелерінен оқып үйрене отырып, біз де (Ә. Болган-баев) 1962 жылы туңғыш “Қазақ Ііліндегі синонимдер сөздігін” шығардык. Бұған төрт мыңнан астам (1400 синонимдік қатар) сөз кірді. Сөздіктің соңында жұртшылықтың пайдалануына жеңілдік келтіру мақсатымен, екі түрлі көрсеткіш (алфавит көр-сеткіші мен синонимдік қатарлардыц көрсеткіші) берілді.
Мәндес сөздер белгілі бір сшюнимдік қатарға тогпастыры-лады. Белгілі бір ұғымның шегін ажыратпас бұрын, ең алдымен тілдегі орбір сөздіц өзіне тон мән-мағыналарын жете білу қажет. Сонымен қатар сол білгеніңді дәлелдейтіи түрлі әдебиеттен алыпған нақты тілдік материалдар болуы керек.
Әрбір сисинимдік қатарга топтасқан сөздер кездейсоқ түрде емес, бел-гілі заңдылыкка негіздеп, қайсысы бұрын, кайсысы одан кейін, қайсысы ең соңында тұруы керектігін анықтау керек. Әсіресе синонимдік қатарға негіз болатын доминан (тірек) сөзді іріктеп шыгару оп-оңай іс емес. Домипант (тірек) сөз магына жагынап тиянақіы, ашық-айқын, стильдік реңі жагынан бейтарап, сонымен б:рге көп мағыналы емес, дара мағыналы сөз болуға тиіс.
Бұлар синонимдік қатардың алдында тұрады, басқалары мағыдалық жақындыкына қарай, ілгері-кейінді бірінен кейін бірі тізіліп тұра береді. Көп мағыпалы сөздердің әр мағынасы әр түр-лі синонимдік қатарда жұмсалса, онда бір сөз неше мәртебе қолданылса, сонша рет сөздікке алынады. Мәселен, аталған сөздікте дүние деген сөз төрт түрлі сөзбен (олем, өмір, жараты-лыс, зат) синонимдік қатынасқа түскендіктен, төрт рет алынған.
Синонимдер сөздігін жасауға кіріспес бұрын оныц мақсаты мен міндетін белгілеп алған жөн. Осыған орай оған ендірілетін сөздердің түрлері анықталады. Синонимдер сөздігі негізінен әдеби тілдің шеңберіндегі сөздерді қамтуға тиіс.
Сонымен бір-ге өткен дәуірдің жұрнағы ретінде архаизмдер кіреді. Кәсіби сөздер мен кейбір диалектизмдер де алынады. Терминдердің де сан алуан стильдік-мағыналық мән беретін синонимге өте-мөте жақын жүргендері сөздікке ендіріледі. Мәселен, право ^деген орыс сөзі қазақтың ерік, қақы, құқы сөздерінің синонимдік қатарына кіріп, ғылыми стильден мықтап орын тепті.
Сол сиякты образ — бейне, тұлға сөздерінің синонимдік қатарын, герой — кетпкер, қаһарман сөздерінің синонимдік қатарын толықтырып, ерекше стильдік мәнде қолданылып жүргсн-діктен, буларды да сөздікке ендірдік. Әдеттс, терминологияны жасаушылар, “сино-нимдер терминологияныц жауы” деп теріс түсініп, оның біреуіне ғана жармасып, қалғандарынан қайтсе де құтылу әрекетін ой-лап бағады. Іс жүзінде бұл әрскеттен түк шықпай, әрбір сөз күні жеткен кезде қайтадан тілге оралып отырады.
Мұның басты се-бебі кейбір термин жасаушылар терминдердің де өзге сөздермен мағыналас, үйлес келіп, белгілі бір ұгымды жан-жақты т\-сіндіру қабілетін жете түсіне алмағандықтан, дәрменсіздіктен туған деп ұғуға болады. “Синонимдер сөздігіне” синонимдік қарым-қатынаста жүмсалатын тілдегі фразеологизмдердің бәрі бірдей талғаусыз ене бермейді. Мәселен, айқын, анық деген ұғымда “бес енеден белгілі”, “тайға таңба басқандай”, “соқырға таяқ ұстатқандай” деген идиомдар айтылады.
Күйреді деген ұғымда “тас-талқаны шықты”, “күлі көкке ұшты”, “аяғы аспаннан келді”, “жермен жексен болды”, “тамырына балта шабылды” деуге болады. Алайда булардың бірде-біреуі сөздікке кірмеді. Тек екі сөзден құралып, бір сөздің орнына журетіныгыр болу, мезі болу, ысырап болу тэрізді некен-саяқ фразеологиялық тіркестер гана ендірілді.
Орыс тілінін, синонимдер сөздігінде синонимдік қатардың құрамындағы әрбір сөздің мағынасы талданып, қолдану аясы мен стильдік қызметі түсіндірілген. “Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігінде” бүл міндет түрлі заңды себептермен іс жұзінде атқарылмады.
Бұл мәселенің тұбегейлі шешілуі әрбір ұлт тілінің даму тарихымеи тығыз байланысты. Әр халықтың жазба әдеби тілі неғұрлым ерте басталып, сол дәстүр үзілмей үнемі жалғаса берсе, сол тілдің әдсби тілі де, соншалықты сараланып, жуйеге түспек. Ал кешеуілдеп кенже дамыған әдеби тілдің олпы-солпы жаш, жүйесіздігі бірде болмаса, бірде байқала бермек.
Осы айтылгандардың алгашқысына орыс тілін, кейініісіне қазақ тіліи жатқызуы-мызга болады. Қазақ тіліндегі синонимдерді стильдік салага жікгеп-бөлу жұмысының өте-мөте тапшылығынан тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей әлі күнге сараланып жетілмегендіктен, біз бұл міндетті кейінге қалдырдық. Сөздікте синоним қатарларының жүйеленген тізімі келтіріліп, белгілі әдебиеттен солардың магыналарын ашарлық бір-бір мысал алумен ғана шектелдік: аласа, тапал, қысқа, кішкене, тәпелдек, мықыр, қортық, тырбық, жатаған, мақар.
Ортасында аласа бойлы, ақырын сөйлейтін бір кісі бар (Әбдіқадыров). Менің астымда жортақылау, тапал торы ат (Май-лин). Аралық қылшық түбіттен ұзын, көбінесе қылшықтан қысқа келеді (Ермеков).Қішкене қара жігіт, бұл вагоншы Егентай (Ерубаев). Мойнымды қанша созып тырмысқанмен мына тэпел-тек бойым терезеге жетер емес (Соқпақбаев) Бораштың мықыр саусақтары каңланың сабын бойлап, перне басқан домбырашы-ның қолындай билеуде (Мұстафин). Бибажарды айттырып отырған Дүйсенбайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортың көршеді (Сейфуллин). Ботагөз қорған тастың текшелеген жіктеріне өскен тырбык қарағайлардың бірінен соң біріне жармасып төбесіне шықты (Мұқанов). Жатаған келген жарау аттар, сүліктен созылып, керіле құлаштап барады (Мүсірепов). Сатай аласа бойлы, дембелше мақарлау қара сүр жігіт (Сей-фуллин).
Достарыңызбен бөлісу: |