24. Синонимжасалу жолдары: Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
• Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
• Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
• Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.
25. Антоним жасалу жолдары: Антоним (гр. ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.
Көркем шығармада ойдың өрістеуі екі түрлі ұғымның, түйіннің шарпысып келуіне орай қатар алынған сөздердің қарама-қарсылық, қайшы мағынасы, көркемдік әсерлілігі күшейе түседі. Сондықтан қайшы сөздер шендестіру тәсілін тудыратын құнарлы, өнімді құрал бола алады.
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапа-сын, артық-кем қаснетін, мөлшср-көлемін салыстырып, бір-бірі-не қарама-қарсьі қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мыр-за. Кейде қапа, ксйі ырза, Барша жұртты сынадық (С. Сейфул-ин). Кейдс қайғы, кейдс шат, кейде түнық,кейде ылат, кейде қорқақ, кейде өжет, кейде тірі, кейдс өлет (I. Жансүгіров). Бо-лысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейдс жұмсақ, кейде қатты,кейде береген, кейдс сарақ (Ғ. Мүстафнн). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсепбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйадей көретініңіз қалмаган, мыр-за (Қ. Оразалин).
Антонимдерді қолданудыц негізінен үш жолы бар:
1. Антонимдер бір сөйлемнің, өз ішінде салыстырылып айты-лады. Мысалы: Қорльіқ өмірден ерлік өлім артық. Ер бакыттың қонганын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егіншідсн елгезек масақшы озады. Ақымақ бұзуга бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстан-нан тірі тышкан артық. Досыңның асынқасыңдай іш.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы койылып шен-дестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік. Ашаршылықта кезіцнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп, жалаңаш үйден шыкпай қалған-нан, Ескіні жамап киіп, жацаны іздеп тапқан артык. Көп ақы-мақтың ағасы болғанша. Бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақжаушыдан Елдестірмек елшіден.
3. Аигонимдер ыцғайлес кезектесіп қатар жұмсалады Мыса-лы: Арымақ, семірмек көңілден. Палуанға он, терісі бірдей. Ылдисыз өр болмайды. Ит үрер жақсыга да, жаманға да, Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен түщынытатқан білер, Алыс пенен жақындыжорытқан білер. Бір суып,бір ысып,
Барады іш пысып (Абай). Қарсы койылып айтылгаиныц бәрін антоним деп тануға болмайды. Ксйде синоним• сөздер де бір-біріне салыстырылып антыла беретд. Мысалы: Гүрілдеи келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман. Қауіп бар жерде қатер бар. Қауіп қайдан болса, қатер содан. Өлімбар жерде аза бар. Бет көрсе, жуз ұялады. Жан-жақты дамып, ке мелденгсн тілде белгілі бір ойды әр турлі мақсат-мүдеге карай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануга болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге де оншалиқты тапшы емес екендігін байқаймыз.