1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу



бет8/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

20. Метонимия.
Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына метаномия (гр. metonymia - өзгертіп атау) деп аталады. Метонимия мынадай іргелістік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін:
а) қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау, жабу, ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып, екі жақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс- әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған. Мысалы: Өз үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегендегі ою сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс- әрекеттің нәтижесінде туғаны сөзсіз.
ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы: Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мустафин) дегендегі қазан тамақ (ет) орнына жүмсалып жүр. Мектеп сөзі бастауыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін оқу орнын да, сонымен бірге со л оқу орны орналасқан үйде де білдіреді. Мысалы, Штаб қыстақ шетіндегі бұзылған мектепке орналасқан еді. (Б. Момышүлы);
б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі. Мысалы: алмас сөзі қатты асыл металл ұғымын да, содан жасалған "өткір қару» - қылыш дегенді білдіреді. Құндыз деп өзен- көлде тіршілік ететін кішкентай анды да, сонымен бірге осы анның бағалы терісін де айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда (мақал);
в)жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары жалпы есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады. Белгілі бір контексте Алдар Көсе-айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр-аңқау, аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады.

г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігін айқын көреміз. Мысалы: «қара» сын есімінің заттанған мағыналары мынадай: 1) қарайып көрінген нәрсе, зат. Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды (Ғ. Мустафин); 2) тірек, сүйеу мәнінде. Алды- артында қара жоқ. Бұл кедей бізден көп пе еді (Қамбар батыр); 3) арамдық, зұлымдық мәнінде. Көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен, Тым жақсы дос болуға ыңғайласты (Абай);


д) автормен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы. Мысалы: Абайды ұнатамын.
ж) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі. Мысалы: Бір Абай емес, биылғы жылы отырған бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы (М. Әуезов)
з) жалқы есімдердің бір- бірімен шектестігі. Мысалы: Шоқанда оқимын.
21. Синекдоха.

Синекдоха. Сөз мағынасын ауыстырып қолданудың бір тәсілі- синекдоха (гр cynekdoche - бірге жобалап түсіну). Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға бір табан жақын тұрады. Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады.

Синекдоха тәсілі сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Мысалы: Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.

Сөздің семантикалық құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың атау қызметі де арта түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет