1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу



бет7/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

17. Сөз мағынасының дамуы.
Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы және ішкі себептер ықпал етті. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосынғанда, бұрыннан бар сөздердің мағыналарымен қарым-қатынысқа түсіп, синоним болады. Бұрыннан болған байырғы сөздер мен мағыналар жаңа сөздер мен мағыналарға әсер ете алады.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не таралып отыру заңдылықтары туады.
18. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы.
Сөз мағынасының кеңеюі – сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.
Сөз мағынасының таралыу тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
19. Метафора, оның түрлері.Сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат атауның басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора гр. Metaphora деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде екі түрге бөлінеді:
а) тілдік (сөздік)метафора
б) поэтикалық (сөйлеу кезінде туатын контекстік) метафора
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамып отырады. Тілдік метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Дәстүрлі метафора арқылы ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүру-түру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Сөздің мағына жақтан кеңейіп, дамуы осы тәрізді жаңа сапа элементтерінің біртіндеп молаюы арқалы іске асады.
Тілдік метафора мынадай ұқсастықтар негізінде тууы мүмкін:
а) заттар мен құбылыстардың түр-тұлға ұқсастығы негізінде бір зат атауы екінші бір затқа атау болуы. Мысалы: ит тұмсығы-қайық тұмсығы.
ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тіл- адамның тілі, сағаттың тілі.
б) заттардың қызметіндегі ұқсастық. Мысалы: серік- адамның серігі (жолдасы), жер серігі;
в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсастық. Мысалы, сұлу- сұлу адам, сұлу табиғат, құлау- аттан құлау, емтиханнан құлау т.б.
Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу үшін қажет. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Мысалы: сары алтын, ақ алтын, қара алтын.

Жеке қолданыстағы (индивидуален) метафора белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Мысалы, Оңашада әлдилеп ойдың гүлін, Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет