1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


Қазақ фразеологиясының зерттелуі



бет28/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

48.Қазақ фразеологиясының зерттелуі. “Фразеология” дегеніміз, біріншіден, “тілдегі барлық фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, қазынасы”, екіншіден, “фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы”
Ал фразеологизм дегеніміз - құрамындағы сыңарлары өте тұрақты болып келетін, қолданысқа әрдайым дайын тұратын тұрақты сөз тіркесі. Мұнда тіркес құраушы сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарынан мүлдем немесе жарым-жартылай айырылып, өзара жымдаса келіп, бір ғана фразеологиялық жалпы мағынаға ие болады. Бұл мағынаға ауыспалылық пен бейнелілік тән.
Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты сөз тіркестерінің релеванттық қасиетін айқындау, қазақ фразеологизмдерін іштей саралап бөлу, сондай-ақ фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал-мәтелдерден айырмащылығы мен оларға ұқсас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйтқы сөздер, фразеологиялық калька сияқты фразеологияның көкейтесті мәселелерін қазақ тіл білімінің күн тәртібіне қойып, қазақ фразеологиясының бағыт-бағдарын саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым академик І.Кеңесбаев болды.
Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалады. Біріншісі - қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт - қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зерттеу ісі.
Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт - фразеологиялық бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, материалдық құндылықтарымен сабақтастыра зерттеуге айрықша мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет