1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері



бет26/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

45.Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері. Сөздік құрамындағы сөздер қолданылу жиілігіне қарап, екі үлкен салаға бөлінеді. Бірінші, жаппай қолданылатын актив қабаттағы сөздер, екінші, сирек қолданылатын пассив қабаттағы сөздер.
Актив сөздер. Оған күнделікті өмірде, тұрмыста үнемі қолданылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Сонымен бірге жалпыхалықтық тұрғыдан алғанда қолданылу шектеулі, бірақ белгілі бір салада жиі қолданылатын (терминдер, кәсіби сөздер, кітаби сөздер, бейнелі сөздер) де кіреді.
Пассив сөздер. Оған қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең тарамаған жаңа сөздер- неологизмдер жатады.
Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады.
Актив сөздер – күн сайын жиі қолданылатын сөздер. [1]
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады.
Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
Актив сөздердің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000- 7000-дай болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10 000-13 000-ға жетеді.
Актив сөздер Пассив сөздер. Актив сөздерге күнделікті өмірде, тұрмыста үнемі қолданылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Оның құрамына омоним, синоним, полисемия, антоним және фразеологизмдер кіреді. Пассив сөздерге қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең тарамаған жаңа сөздер – неологизмдер жатады. Қоғамдағы тарихи оқиғаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге жаңадан енген сөздер жаңа атаулар немесе неологизмдер деп аталады.
Актив сөздерге күнделікті өмірде, тұрмыста үнемі қолданылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Оның құрамына омоним, синоним, полисемия, антоним және фразеологизмдер кіреді. Пассив сөздерге қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең тарамаған жаңа сөздер – неологизмдер жатады. Қоғамдағы тарихи оқиғаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге жаңадан енген сөздер жаңа атаулар немесе неологизмдер деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет