58. Қазақ лексикографиясының зерттелуі.
Қай тілде болмасын онда қолданылатын сөздерді, яғни лексиканы реттеп отыратын тіл білімінің саласы лексикография болып саналады. Қазақ лексикографиясының қалыптасу мен зерттелу тарихына көз жібермек, онда ең алдымен ауызға ілінер еңбек М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазылған «Түркі тілдерінің сөздігі» тілге оралады.
Аталған сөздік жалпы түркі тілдеріне оның қолданылатын сөздеріне арналса да бір сыпыра сөздер қазақ тіліне тән болып келеді. Соңғы кезде М: Қашқаридың жоғарыда көрсетілген еңбегіндегі мақал-мәтелдерді талқыласақ, көптеген мақал-мәтелдер қазақ тілінің сөздік құрамында бар екендігі байқалады. Лексикограффияға байланысты екінші бір еңбек ХІҮ ғасырда жазылған В.В. Радлов сөзі болып есептеледі.
Аталған сөздіктер негізінен түркі тілдеріне қатысты болса да қазақ тіліне де тән сөздер аз емес сол сияқты «Кодекс-куманикус» атты сөздікті атап өтуге болады. Аталған сөздік туралы сөздікті профессор Ә. Құрысжанов жазды. Бұл еңбекте көрсетілген бір сыпыра сөздер тек қана құман халқының сөздерін ғана емес жалпы түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де ортақ сөздердің бар екендігі жан-жақты баяндалған.
59.Сөздік, оның түрлері.
Сөздік —
жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы;
тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы; сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Алайда компьютер мен интернеттің пайда болуымен электронды сөздіктердің басымдылығы айқын болып келеді.
Сөздік тарихы
Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12 ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |