26.Cөз варианттары Сөздің лексикалык бірлігінде өзгешелігі жок, бірақ морфемдік құрамы ұқсас сөздерді соз варианттары дейміз. Мысалы; уқсау- усау, гөрі-көрі, туңлік-тундік, азар-әзер, қазір-кәзір, сайтан-іиайтан, мысық-мышық т.б. Бүл сияқты сөздердің түрленуінен оның мағынасы өзгермейді. Сондықтан да бұлар әр басқа сөздер емес, әр түрлі варианттағы бір сөз. Сөздің әр алуан варианттары — тұлғаларында айырмашылығы бар, бірақ мағыналары тепе-тендікті білдіргендіктен, сырттай синонимдерге үқсас, омонимдерге карама-қарсы тілдік кұбылыс. Синонимдік қатардағы сөздердің мағыналарында аз да болса реңктік, не стильдік, не эмоционалдық ерекшеліктері болады. Ал сөз варианттарында мұндай ерекшеліктер болмайды. Сөз варианттарының өзінше белгілері болады. Соз вариапттарыпың озіпдік белгілері
1. Сөздің түбірінде ортақ ұқсастық болуы керек; !
2. лексика-семантикалық ұқсастығы сақталу қажет;
3. дыбыстық өзгешелігі лексика- семантикалық өзгеріс тудырмауға
тиіс. Осындай белгілерге қарамастан түрлі контексте қолданыла беретіндіктен, кейде сөздің варианттарын синонимдерден ажырату қиынға соғып жатады. Себебі вариант тұлғалардың кейбірінің жүре келе мағыналық жағынан саралануымен немесе стильдік реңкке ие болумен байланысты. Вариант тұлғалары тұрақты емес, өйткені олар үздіксіз өзгеріске түсіп отырады. Немесе сыңарының ескіріп, қолданудан біртіндеп шығып қалуы мүмкін. Сөздің фонетикалық варианттарының мағыналық саралану арқылы мүлдем бөлек үғымды білдіреді. Мысалы: айғай-айқай (айхай- айһай / ойхой / ойһой). Варианттардың көпшілігі не грамматикалық не бірыңғай фонетикалық варианты болу үшін мынадай өзіндік ерекшеліктері болуы тиіс:
1. Сөздің вариант қатарларының тұлғалық айырмашылығы олардың мағыналық бірлігін, тепе-теңдігін бұзбауы;
2. Вариант сөздердің сыңары екеу болып, түбірі бір сөздер болуы тиіс;
3. Сөз варианттары тікелей аффикстер арқылы түрленбей, бір түбірдің немесе бір ғана қосымшаның фонетикалық өзгеріске түсуінен түзілуі тиіс. Орфографиялық, орфоэпиялың жопе морфологияльіқ тулгалардың
фопетикалық вариаиттары
Дауысты дыбыстардың, дауыссыз дыбыстардың алмасуынан түзілген варианттармен қатар тілімізде орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары кездеседі:
1. Дауысты дыбыстардың алмасуы арқылы түзілген сөздің фонетикалық варианттарын өз ішінен а) сингармониялық параллельдер; ә) ашық және қысаң дауыстылардың алмасуынан түзілген варианттар деп бөліп қарастырамыз.
Тілдегі бір сөздің жуан және жіңішке буынды варианттарын сингармонизмдік параллельдер дейміз. Мысалы: Маусым // мәусім, қамзал // кемзел; лаждау // ләждеу; қария // кәрия; ажым // әжім; қазір //кәзір; гумыр //өмір т.б.
Қазақ тіліндегі сингармониялық параллельдер бір сөз ішіндегі үндесуден (дүния- дүние) қосымшалары әсерінен немесе сөз аралығындағы үндесуден де қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар сингармониялық параллельдер сөз тұлғаларының ықшамдалуы арқылы да жұмсалады. Мыс: барлыгы / бәрі; жагдай / жәйт\ Ал галам / әлем; гумыр/ өмір; қарып / әріп параллельдерінен байқалатын сөз басындағы немесе ортасындағы э, қ, х дыбыстарының түсіп қалуы да сөздің жіңішке буынға ауысуынан. Тілімізде а/ы, е/і, о/ү, ө/ү,(у) дауыстылардың алмасуынан түзелген вартианттар да аз емес. Мысалы: кесерткі / кесірткі; кереует /кіреует; өрескел/өрескіл сияқтылар ашық жіңішке дауысты «е»-нің қысаң «і» дыбысына ауысуынан түзіліп тұр. Ал айқара / айқыра; дардай /дырдай; үлгеру /үлгірулер а/ы, е/і дауыстыларының алмасуынан түзілген варианттар екені белгілі.
2. Дауыссыз дыбыстардың алмасуынан болған варианттар қатарына п/б, т/д, қ/г, с/ш, с/з, ж/ш, б/м, г/ц, л/д дауыссыздарының алмасуын жатқызамыз. Мысалы: пайымдау / байымдау (п/б); бүнша/мүнша (б/м); пүтақ/бүтақ (п/б); айқай/айгай (к/г); тостақан/тостаган; тілмар/ділмар (т/д); шайтан/сайтан (ш/с).
3. Орфоэпиялық және орфографиялық варианттар тілдің даму тарихымен байланысты. Орфографиялық вариантқа жазу дәстүрі мен жазу нормасының ықпалы себеп болады. Мысалы: өйткені /үйткені; сөйтіп/сүйтіп; гауһар/жауһар варианттарының соңғылары- қарапайым сөйлеу тілінің элементі де, алдыңғылары ғана орфографиялық норма.
Тіліміздегі сөздің орфографиялық варианттары емле ережелерінің өзгеріп отыруына байланысты түзіледі (гылми/гылыми); қауіп/хауіп; сиыр/ сыйыр. Сөздің орфоэпиялық варианттарының пайда болуының бірден-бір себебі берік жазу дәстүрінің, орфоэпиялық норманың кодификацияланбауынан деп түсіну керек. Сөздің орфоэпиялық варианттары қазақ тілінің орфографиялық нормасының қалыптасуына дейінгі дәуірде көп болады. Мысалы: несібе/нәсібе; ешбір/ішбір; мәдениет/мәдениат т.б. Орфоэпиялық вариант үстеме дауысты дыбыстың қабаттаса айтылуымен байланысты қалыптасады. Мысалы: стол/үстел; станция /ыстанса деген сияқтылар дауысты дыбыстың үстемеленуі (протеза) арқылы жасалса, кровать/керует, шляпа/шіләпі сияқтылар сырттан ауысқан түбірлерге дауысты дыбыстың үстемеленуі (эпентеза) арқылы қалыптасқан.
4. Морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары мынадай дыбыстардың алмасуынан байқалады: л/й баралық/барайық; ң/й алсаңшы /алсайшы; қ/н жалтақ/жалтаң т.б. Демек бұл жерде түбір тұлға өзгермей, дұрыс алмасуы тек қосымшалардан ғана көрініс табады.
5. Этимологиялық вариантты анықтауда кірме сөздерге жүгінеміз. Себебі вариант тұлғаларын сөздің шығу төркінімен (этимологиясымен) байланыстырудың тілдегі кездесетін фонетикалық заңдылықтарды анықтау үшін маңызды. Қазақ тілінің фонетикалық қүрылымына қарай шығыс элементтері үндестік заңына сәйкес өзгерсе (пишани) пешене (ар.), айтылуы қиындау келетін дыбыс тіркесінің ықшамдалуынан немесе дәнекер дыбыстық үстемелеп, айтылуы арқылы жасалып отырады: хариф (әріп ар.).
6. Ал сөздің ықшамдалған варианттары сөз қүрамындағы жеке дыбыстардың немесе сездің бүтіндей үлкен бөлігінің түсіп қалуы арқылы калыптасады. Сөздің ықшам тұлғаға ауысуы секкіз /секіз/сегіз; моққыз/тоқыз/тогыз сөздерінің өзгеріп келуінен байқау қиын емес. Сөздің бұндай ықшам варианттарының қалыптасуына себеп болған нәрсе сөздің айтылу тәсілін барған сайын жеңілдету, жетілдіру.
Соз вариапттарыпың түрлері
Сөз варианттарының бірнеше түрлері бар: Фонетикалық,
морфологиялық, грамматикалық, лексикалық варианттар.
1. Фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық қүрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз: ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп.
2. Морфологиялық варианттар — түбірлері сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын; тырысқақ /тырыспа (ауру атьі) т.б.
3. Грамматикалық вариант түбір сөзге қосымша қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын жатқызамыз. Мысалы: інжу /інжугүл /ландыш; боз/бозаң / бозіиөп (ковыль).
4. Лексикалық мағынасы бірдей, бірақ түлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз, олар әр түрлі түбірлерден жасалады. Мысалы: қүлақшын /малақай т.б.
Лексикалық варианттар мынадай жолдар арқылы пайда болады:
• Әр түрлі мотивке (уәжге) байланысты қалыптасқан варианттар: жолжелкен (уәжі-өсетін жері) /мыңтамыр (тамырының көптігі) / қызылтамыр (түсі) /қырықбуын (буын саны).
• Шығу көзі әр түрлі болып келеді: қауын (әдеб) /діңке (жерг.) т.б.
• Кірме сөздер бұрыннан бар атаулармен жарыса қолданылады; қүдай (пар.) / алла (ар.) /тәңір (қаз.) т.б.
Сөйтіп сөздің әр алуан фонетикалық варианттарының болу жагдайы зерттеушілер назарын барған сайын өзіне аудара түсуде. Фонетикалық өзгерістегі жүйелілік пен белгілі себептерді анықтауда ертеден-ақ күш-жігер жұмсалып келе жатқанына қарамастан, бұл құбылысты одан әрі зерттей берудің қажеттігі әрдайым сөз боп келді. Себебі бұл мәселені ғылыми тұрғыдан алып, жеткілікті дәрежеде зертгеп шығу тіл білімін анағұрлым жоғары сатыға көтерген болар еді [24.15]. Сөз варианттары тілімізде ала- құлалықтар мен тұрақсыздықтарды туғызатын құбылыс болғандықтан, келешекте тілдік норма тұрғысынан реттелуге, бір жүйеге түсуі тиіс.
Сөз варианттары орыс. варианты слов — дылуы, мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер. Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі.[1]
Мысалы:
1. Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.
2. Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей
3. Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.
1. Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза—разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,
• Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;
• Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.