1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


Сөздің көп мағыналығы (полисемия)



бет9/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

22.Сөздің көп мағыналығы (полисемия)
-сөздің басқа сөздермен тіркесіп,екі не оданда көп ауыспалы мағынасына ие болады.
Көп мағыналы сөздер бір түбірден жасалады, әр бір сөз табына жатады.Бас, ата,түбір, кілт,бел,түп,құлақ,қанат,төркін,жол,көз,қану,бет т.с.с көп мағыналы сөздерге жатады .Мысалы: «бас» сөздің мағыналары: Адамның басы дене мүшесі(тура мағынасы ) Судың басы су басталған жер,бұлақ.Сөздің басы,әңгіменің басталған мезеті,сәлем.Таудың басы,таудың ең төбесі,шың.Таяқтың басы,бір нәрсенін ұшы .Балтаның басы,құрал-сайманның жүзі бар жағы. Шөптің басы,бір нәрсенің ең жоғарғы жағы.
23.Омоним, жасалу жолдару.
Омоним-дыбысталуы бір,мағыналары әртүрлі сөздер.Мысалы: «жақ» сөзінің омонимдік қатары:жақ сүйек,от жақ,оң жақ, маған жақ бол,баяу жақ.
Омонимдер төмендегідей 3 түрлі жолмен жасалады:
1. Кірме сөздер арқылы:бақ(парсы, «бақт»),сап(араб, «саф»)
2. Дыбыстық өзгеріс арқылы:біз(бігіз)
3. Жұрнақ арқылы:жастық(жас-тық),сан(сан-а) жұрнақпен жасалған омонимдер туынды омоним болады.
Омоним, жасалу жолдары: Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
1. Ат — жұмыс көлігі;
2. Ат — есім, атау;
3. Ат — етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
1. қас — адамның қабағындағы қас;
2. қас — дұшпан, жау;
3. қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
4. қас — ердің қасы
Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:
• 1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
• 2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
• 3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
• 4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет