53. Фразеологиялық антонимдер Фразеологиялық антонимдер - мән- мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі Фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып келеді:
тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқа сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы, аты шықты—аты өшті, ат ізін салмады —атізін құрғатлады, ашық мінез — тұйық мінез, әлі кірді—әлі кетті, баққонды— бақ гайды, беделі артты — беделі түсті, бетінен оты шықты — беті Бұлк етпеді, Бұл дүние — о дүние, ер жүрек — қоян жүрек, есіне түсті — есінен шықты, жүрек жұтқан — су жүрек, жолыңа гүл бітсін — жолыңа жуа шықсын т. б.
құрылымы-құрылысы жағынан мүлде басқа сөздерден жасалады. Мысалы, соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шөлі қанды — қаны кепті, өркенің өскір — желкең қиылғыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — үйлі-ба- ранды, оң жақ, (босаға) — жат есік, еңкейген шал — еңбектеген бапа, әлі сүйек — еті тірі, аузыңа май — жағың қарыссын, айы оңынан туды — жолы болмады, еңбегі қатпаған — тісі шыққан т. б.[1]
54. Фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де екі немесе одан көп сөздер-дің жымдасып келіп, жанама марынада айтылуы арқылы да біл-діругс болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н. М Шанскнй фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қыз-метін атқарады1 дейді. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың қүрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтас-тыгы меп бірлігіне багынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөз-діц орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген ндиомның мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұгымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы үіи сөздіц жалпы жиынтығынан шыгып түр. Фразеологизмдер мағына жагына бір ұрымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендік-тен, сөйлем ішшдс бір гана сөплем мүщесініц кызметін аткарып түрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, телінді болады дсген сөз. Мәселен, күлі көке ұштыдеген күйреді дегси сөздіц орнына жүреді Бұл идиом лексика-грамматикалық магынасы жагынан етістіккс ұқсайды. Тайға таңба басқандай деген фразаның мағынасы айқын, аіпық дстеп сындық ұгымды білдіреді. Сондықтан бүл сөз сөй-лемде анықтауыштыц қызметін атқарады. Көзді ашып жүмғанша дегеннен тез, жылдам деген мағынаны түсінеміз. Бұл мағына устеуге қатысты болғандықтан, сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарады. Сол сияқты дүниенің төрт бұрышы деген бүкіл злем, окер шары дегенді білдіреді. Магынасы жағынан зат есімге жатады. Сөйлем ішінде, сөз жоқ, бастауыштың қызметінде жұмсалады. Түрақты тіркестердіц белгілі сөз табына қатыс-тығы әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады.