1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


Фразеологизмдердің көп мағыналылығы



бет31/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

51.Фразеологизмдердің көп мағыналылығы.
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі — жалғаса туады, екіншісі — жарыса туады. Мәселен, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жок, ат үстінде тұрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркіттің тұгырда орныгып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы екі мағына жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Жеке сөздің көп мағыналылыгы мен фразалық тіркестердің көп мағыналылығының дамуында бірыңғай жалпы ортақ заңдылықтар бар. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы да негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды магына сол алғашқы лексикалық мағынаны ауыстырып» қолданудан келіп шығады. Мәселен, иі қанды (жетті) деген тұрақты тіркестің ен алғашқы мағынасы илеген заттың илеуін жеткізу, әбден жұмсартып, жұмсақ қалыпқа келтіру болса, одан соң бір нәрсені әбден жетілдіріп шыңдап кемеліне келтіру үғымы келіп шықты. Соңғы фразеологиялық туынды мағына, сөз жоқ алғашқы мағынаның негізінде жалғаса пайда болды. Кей жағдайда жалғаспалы мағынамен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды магына жамай беруі мүмкін. Мәселен, зәрі қайтты дегеннен; а) уы тарады; ә) жыли бастады; б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады.
52.Фразеологиялық синонимдер.
Фразеологиялық синонимдер — мән–мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестер. Қазақ тілі лексика синонимдерге қандай бай болса, Фразеологиялық синонимдерге де соншалықты бай. Бірақ олар өздерінің стильдік, мағыналық ерекшеліктерін сақтап отырады. Мысалы, аза бойы қаза болды, аза бойы тік турды, азар да безер болды, ат-тонын ала қашты дегенде мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік ерекшеліктері бар.
Сол сияқты алғаны ас болмады, алғаны көзінен шықты, жегені желім болды, жегені желкесінен шықты, ішкен-жегені мұрынан шықты дегендер де белгілі бір ұғымды, жан-жақты сипаттап тұрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей емес. Фразеологиялық синонимдердер ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп отырады. Мысалы, көз (кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен аттырды дегенде әрбір Фразеологиялық синонимдернің алдыңғысынан соңғыларының қарқыны басым болып келеді.
Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағынада да кездеседі. Мысалы, сулулықты бейнелегенде: ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай, ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, еліктің баласындай, қыздың баласындай, ай мен күндей\ байлық, туралы: төрт түлігі сай, төрт құбыласы түгел, бес енесі бестен, не ішем, не жейім демейді, ішкені алдында, ішпегені артында, үріп ішіп, шайқап төгіп отыр; қатты ауырып жатқан адам жайлы: әл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, өлі мен тірінің арасында, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде деген тіркестер қолданылады. Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасауда жиі қолданылады.
Мақал-мәтелдердің өзді-өзіне синоним болуы Фразеологиялық синонимдерге ұқсас. Айырмасы тек мағынасында. Фразеологиялық синонимдер жеке сөздің орнына жүріп, соның білдіретін ұғымын білдірсе, мақал-мәтелдер тұтас сөйлемдік қызметте жұмсалып, әрқайсысы аяқталған ойды білдіреді. Мақал-мәтелдердің синонимдік қатынасы айтайын деген ой-пікірдің сарындас, үндес келіп, бір жерден шығуында. Мысалы, біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы; қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан кайғы; мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек т. б. Бұл мақалдар үш түрлі құрылымда келгенімен, айтайын деген негізгі ой біреу ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет