1.ҚАзақ тілінің Үндестiк заңЫ



бет4/13
Дата06.01.2022
өлшемі200,5 Kb.
#15835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тiл үндестiгi

Дауыстылардың тiлдiң қызметiне орай бiр сөз (сөзформа) көлемiнде не бiрыңғай жуан, не бiрыңғай жiңiшке болып ыңғайласып, үйлесiп келуiн тiл үндестiгi деп атайды. Түркi тiлдерiнде, әсiресе қазақ тiлiнде сингорманизм заңы алдымен тiл үндестiгi түрiнде танылып келдi, яғни тiл үндестiгi сингорманизмге синоним болып та қолданылады. Өйткенi бұл заң тiлiмiздегi байырғы сөздердi түгел қамтиды, ал ерiн үндестiгi жазудың негiзiнде елеусiз қалып келдi.

Тiл үндестiгiнiң өзiн екiге бөлiп қарау керек болады: түбiр тұрғысынан және түбiр мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.

Қазiргi қазақ тiлiнде түбiр (морфема) сөздер буын құрамына қарай көбiне бiр буынды (бас, көз: қол, ақ, көк, бiр, үш, ал, кел, жаз, күз), екi буынды (ауыз, құлақ, адам, жылқы, қара), үш буынды (көбелек, мұғалiм, мемлекет, мақала), қала бердi төрт-бес буынды (университет, институт, ассимиляция) болады. Соның өзiнде көп буынды түбiрлер-негiзiнен кiрме сөздер: мемлекет, мұғалiм, университет, институт.

Тiлiмiздегi байырғы сөздер (түбiрлер) бiрыңғай жуан буынды немесе жiңiшке буынды болып келедi. Бұл бұлжымайтын заң- сингорманизм.

Сингорманизмдi алғаш қазақ тiлiнде жан-жақты баяндаған, жерiне жеткiзе айтқан- Досмұхаметұлы Халел. Ол «қазақ тiлiнiң өзiне меншiктi түпкi сөзiнiң қайсысын алсаң да, түбiр сөз болсын, туынды сөз болсын, сөздердiң iшiндегi көп өзгерiстерден қай қалағаныңды алсаң да, бәрiнiң сингорманизм заңымен жүрiп, осы заңды қолданып, бұл заңнан титтей шетке кетпейтiнiн көресiң. Қазақ тiлiнде сингорманизм заңына көнбейтiн сөз, сөз өзгерiсi жоқ»,- дейдi.

Халел айтатын сингорманизм -тiл үндестiгi. Тiл үндестiгiн Халелше түсiнiп, Халелше пайымдаған абзал.

Ертеректе енген араб-парсы сөздерiн айтпағанда, орыс тiлiнен енген сөздердiң өзi де аралас буын қалпынан ажырап, бiрыңғай (жуан не жiңiшке) буынды болып қалыптасты: бәтеңке (ботинка), бөрене (бревно), кәмпит (конфет), көшiр (кучер), нөмiр (номер), резеңке (резинка), сәтен (сатин).

Бұдан байқайтынымыз, тiл үндестiгi- аса күштi заң. Рас, тiлiмiздiң осы бiр байырғы заңына илiкпей жүрген (жазудың жәрдемi жоқ дей алмаймыз) бiраз сөз бар. Оның iшiнде: кұрмет, құдiрет, қошемет, мәслихат, мейрам, рахмет сияқтылар аралас буын қалпын сақтай айтылса, қабiлет, қасiрет, қауесет, қиамет, қажет, қалет т.б. сөздерде а әрпi а және ә дыбыстарының аралығында дыбысталуға бейiм.

Қысқасы, тiл үндестiгi- тiлiмiздегi ең күштi дыбыстық заң. Кейбiр азын-аулақ ауытқулар бұл заңға ешқандай нұқсан келтiре алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет