1.ҚАзақ тілінің Үндестiк заңЫ



бет8/13
Дата06.01.2022
өлшемі200,5 Kb.
#15835
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Фразалық тізбектер деп мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысып жататын, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған сөз тіркесін айтамыз. Тұрақты сөз тіркесінің бұл түріне мыналарды жатқызуға болады: асқар тау, шалқар көл, қыпша бел, мидай дала, жосадай қан. Мұндағы тізбектердің құрамындағы асқар, жосадай, қыпша деген сөздер тек аталған сөз тіркестерінде қолданылады да, басқа сөздермен тіркеспейді және бұл сөз тіркестерінің қай-қайсысының болмасын беретін мағынасы өзін құрастырушы жеке сыңарлардың бірінің мағынасымен мағыналас болып, алшақтамай тұр. Мысалы, қыпша бел  сөзі бел туралы, оның нәзіктігі туралы, немесе асқар тау  таудың биіктігі туралы болып тұр, сөйтіп, беретін мағыналары құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақтамаған.

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер. Мақал-мәтелдер мен қанатты нақыл сөздер фразеологиялық бірліклердің бір түрі ретінде қаралғанда, олардың да әбден орнығып, қалыптасқан сөз тіркестері немесе сөйлемдер екені ескеріледі. Мысалы, таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас~ теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер т.б. Мақал  араб тілінен кірген сөз. Мұның мағынасы  {орынды сөз}, {тиісті орнында айтылған сөз}. Мақал - деп әрі ықшам, әрі көркем, терең ойлы, кең мазмұнды, асқан шеберлікпен жасалып, жымдаса байланысқан сөз өрнегін айтамыз. Мақалдарда дәлелдеу мен қорытынды, пікір айту бірдей келіп отырады: ексең егін  орарсың тегін~ ақыл  тозбас тон.

Мәтел - деп тұжырымы тиянақталмай, жанамалай айтылған образы ықшам, халықтық сөз өрнегін айтамыз. Мысалы, көппен көрген ұлы той~ қызым саған айтсам, келінім сен тыңда. Мәтелдерде ой-пікір, топшылау мақалдағыдай тікелей кесіп айтылмайды да, образды түрде жанамалай айтылған ишара басым болады: шаш ал десе, бас алады~ шабан үйрек бұрын ұшар. Мақалдар мен мәтелдер  талай замандар бойында жасалып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын халықтық мұра. Мұнымен бірге жаңа заманға, жаңа өмірге сай мақал-мәтелдер де жасалып отырады. Мысалы, сын түзелмей мін түзелмес~ істің тетігін маман шешеді.

Нақыл сөздер. Нақыл  араб сөзі. Арабша {нақыл} өсиет, мысал айту деген мағынаны білдіреді. Нақыл сөздер деп - мақал-мәтелдерге үндес, көркем, терең мағыналы қысқаша сөз өрнегін айтады. Кейде нақыл сөзді  қанатты сөздер деп те, афоризм деп те айта береміз.

Қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылар, ғалым адамдардың айтқан сөзінде не жазған шығармаларында, мақал-мәтелге үндес әрі көркем, әрі терең сөз өрнектері нақыл сөздер болады. Ақын-жазушылардың айшықты сөздері нақыл сөзге айналу үшін терең мағыналы болумен бірге, мақал-мәтелдер сияқты құрылысы жағынан ықшам, әрі көркем, айтуға жеңіл болуы керек. Мысалы, көркем сөздің шебері Абай шығармаларынан мынадай нақыл болып кеткен сөздерді кездестіреміз:

1. Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

2. Жаман тату қазады өзіңе ор,

Оған сенсең, бір күні боларсың қор.

Мағыналы терең ойды қысқаша бейнелейтін мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесін нақыл сөз дейміз. Яғни, нақыл сөздерге сан алуан құбылыстарды, әлденеше рет бақылаудан туған қысқа әрі ойлы, образды, үзілді-кесілді айтылған, авторы белгілі, баламалық касиеті мол, тұжырымды ереже-қағидалар жатады.

Ал, қанатты сөз айтайын деген ойды қысқа, әрі бейнелі көркем түрде білдіретін өзіндік әуен, ырғағы бар, ел аузында жатқа айтылып кеткен, ұтымды сөздер тізбегі болып табылады. Бұған: Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің (Абай). Тасын ала берсең, тау да таусылады (Халық сөзі) т.б. деген өткір, тапқыр сөздер тізбегін атауға болады.

Ал, өсиет-дидактикалық сөздер тобына қысқа сөзбен көп ойды білдіретін, ашық мағыналы, үгіт-насихаттық қызмет атқаратын аталы даналық қағидалар жатады. Жоғары қарап оқ атпа,

Өзіңнің түсер басыңа (Ыбырай)

Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдерді қолданылу аясы, экспрессивтік қызметіне қарай үш топқа бөлуге болады:

1. Стильаралық (бейтарап) фразеологизмдер. Бұл топқа барлық стильдерде бірдей қолданыла беретін тұрақты сөз тіркестері енеді. Мысалы: көз әйнек, ас қазан, құс жолы.

2. Сөйлеу тілінің фразеологизмдері. Сөйлеу тілінің фразеологиясы күнделікті тұрмыста, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады, сонымен қатар көркем әдебиетте де, персонажда, кейіпкер тілінде белгілі дәрежеде қолданылады. Сөйлеу тілі фразеологиясы құрамына қарапайым, тұрпайы, әзіл, сықақ, профессионализм сияқты мәндегі фразеологимздер енеді. Мысалы: тым дәндиіп кету~ індеріне су құю~ беттің арын белбеуге түю~ дымын шығармау. Сөйлеу тіліне тән фразеологизмнің бір ерекшелігі  оның құрамына енген сөздің көбіне біреуінің мағынасы күңгірттеніп, өлі түбір сөздер болып келуі. Мысалы: қыбын табу, парқын айыру.

3. Жазба тіл фразеологизмдері. Жазба тіл фразеологизмі ауызекі тіл негізінде қалыптасып, дамып келеді. Жазба тіл фразеологизмінің қайнар көзі  халықтың сөйлеу тілі фразеологизмі. Жазба тіл фразеологизмі поэтикалық, публицистикалық және терминдік сипатта болады. Мысалы: 1. Поэтикалық фразеологизм: сүмбіл шаш, ая көз, құралай көз. 2. Публицистикалық фразеологизм: аталық қамқорлық, сара жол, отандық сезім. 3. Терминдік фразеологизм: өндіргіш күш, материалдық-техникалық база.


3. СЫН ЕСІМ ЖӘНЕ ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Сын есім-семантика-грамматикалық мағынасы жағынан ең күрделі сөз таптарының бірі. Сын есімдер синтаксистік қызметі мен қолданылу жағынан да қазіргі қазақ тілінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру болып табылады. Мысалы, :лкен үйге кірген соң, бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғанда құмандай ғана болып қалыпты.

Сын есім заттың сынын, сапасын, әр түрлі белгі, қасиетін білдіретін сөздер тобы. Мысалы: ақ, қара, ақылды, білімді, ауыр т.б. сын есім мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді, сапалық сын есімге негізгі сын есімдердің бәрі жатады да, қатыстық сын есімжер жұрнақтар арқылы не басқа сөз табынан ауысу арқылы жасалады. Мысалы: әдемі, жасыл (сапалық), өткір, малды ауыл, балалы үй (қатыстық), сын есімнің төрт түрлі шырайы бар:негізгі шырай, cалыстырмалы шырай, асырмалы, күшейтпелі шырай.

Сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын өзіне тән әр алуан белгілері

1. Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді, оларға көптік, тәуелдік жалғаулары да қосылмайды. Егер бұл қосымшалардың бірі сын есімге қосылса, онда ол заттанып, субстантивтеніп кетеді. Септік, көптік және тәуелдік категориясы сын есімге емес, зат есімге тән құбылыс. Сын есімнің бұл ерекшелігі оны зат есімнен бөлек дербес сөз табы екенін айқындайды. Мыс: Біреуі көк, біреуі жер тағысы адам үшін бастысып қызыл қанға.Осы сөйлемдегі қызыл сын есім, қызылға қонған қарғадай сөйлеміндегі қызылға зат есім мағынада қолданылған.

2. Қазақ тіліндегі сын есім категориясының өзіне тән ерекшелігінің бірі-олардың морфологиялық формаларының, шырай жұрнақтарының болуы. Шырайлар тек сын есімнің жеке өз басына тән. Мыс: көгірек, бойшаңырақ, өзгешерек сөздері салыстырма мағынаны білдіріп, сын есімнің шырай түрін жасап тұр. Бұл формалар -рақ, -рек негізінен сапалық сын есімдерге жалғанады, басқа сөз таптарында қолданылмайды, сонда ол сын есімнің жеке белгісі болып есептеледі.

3. Сын есімнің үшінші ерекшелігі -түркі тілдерінде олардың қап-қара, сап-сары тәрізді күшейтпелі формасының болуы. Күшейтпелі форма да сөз таптарының ішінен тек сын есімге тән. Бұл күшейтпелі форма сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын белгінің бірі болып табылады. Мыс: Жап-жас бала екен десек, тап-тас екен яки ап-ағаш деп айтуға болмайды, керісінше тастай яки қап-қатты болады.

4. Сын есім өзінің семантикалық мағынасы арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Заттың сынын білдіре отырып, сын есім кей кездерінде сондай-ақ қимылдың сынын көрсететін үстеумен астасып келеді. Бұл жағдайда сын есімнің ерекшелігі-сын есім үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни сын есім болып тұрады. Мысалы: Жақсы бала жақсы оқиды дегенде бірінші жақсы бала деген зат есімнің сапасын анықтаса, екінші жақсы қимылдың сапасын білдіреді. Осы екі жерде жақсы өзінің негізгі мағынасын сақтап, сын есім болып тұр. Сондай-ақ жалпы түркі тілдерінде, сондай-ақ қазақ тілінде сын сын есім тек зат есімді ғана анықтап қоймай, кейде үстеу сияқты етістік баяндауышты анықтай алатынын көрсету қажет: Ауыл алыста қалды және ауыл алыс қалды дегендегі бірінші сөйлемде алыста мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін сөздерге жалғанып, үстеу мағынасын жасайтын жатыс септігінің -та формасын қосып алған зат есім болса, екінші сөйлемде алыс етістікті анықтап пысықтауыш қызметін атқарып тұрғанымен өзінің сапалық сынын, қасиетін сақтап отыратындықтан, сын есім.

Заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әртүрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындық реңдерімен мәндерін білдіретін формаларға -ғыл, (-қыл), -қылт, -ғылт, -ғылтым, -қылтым, -ғыш, ғана, -кене, әлде, -қай, -қан, -ақ, -ек, -шыл,-шіл, -шылтым, -шілтім, -ша, -ше қосымшалары жатады. Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем еккендігін анықтау арқылы туады. Шырай категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай қызыл, я бірыңғай қара, бірыңғай сары, бірыңғай қоңыр, көк түсті әлденеше заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен я бірыңғай кіші деп делініп танылған әлденеше заттардың көлем - аумақтарындағы артық я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрбір шырайдың өзіне тән мазмұны мен формасы болады. Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт түрлі шырайы бар:жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

Жай шырай заттың белігісін, түсін сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сыр-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз. Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады.

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстыратын білгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар мыналар:

1) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек. Мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен.

2) -лау, -леу, -дау, -деу Мысалы: Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. 3) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт- шыл, -шіл, аң. Бұл өнімсіз жұрнақтар.

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буындарды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма. Мыс: Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай.

Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я асыра көтереді, я асыра төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым, тіпті, шымқай, нағыз, ең, ал, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл да өте құнарлы тәсіл. Мысалы: Абай -нағыз үлкен реалист ақын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет