1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қазақ хандығы кезіндегі билер институты



бет35/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
41. Қазақ хандығы кезіндегі билер институты
Қазақтың атақты билері: Төле, қаз дауысты Қазбек, Әйтекеден қалған сөз билігі дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Дереккөз:
Олардың заманында, Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі еді».
Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңызды­лығы айрықша болды. Өйткені, оның – мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретіндегі рөлі ерекше. Бұл құрылым ол кезде мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астасып жатты. Билер ел, жер, жесір дауын, мал-жан, кәсіп мәселесін түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асырып, бітіріп отырған. Қазіргідей алтын уақыттарын жиын, мәжіліс съезбен өткізіп, құлаш-құлаш қаулы–қарар қабылдап, оны жоғары-төменді бұйрықпен таратып, төрешілдікке, қағазбастылыққа салынбаған. Ол кезде бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, полицияның да, өзге де құқық қорғау органдарының қызметтерін атқарған .
42. Қасым хан тұсындағы хандық аумақтың ұлғаюы.
Қасым хан (1445—1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі.Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауына дейін, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асты.
Дереккөз:
М. Х. Дулати, Бабыр :Жошыдан кейінгі ең күшті хан.
Жалайыри: Жәнібек ұлдарының ішіндегі ең атақтысы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет