1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


ғ 2ші жартысындағы қазақ жоңғар қатынастарының сипаттамасы



бет38/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

46.17ғ 2ші жартысындағы қазақ жоңғар қатынастарының сипаттамасы
Батыс Еуропаның ақсүйек корольдіктері мен Қытайдың төрешілік империяларына қарағанда далалық ұлыстар әскери демократиялар ретінде өмір сүрді. Хан құрылтайда сайланатын, ал билік оның танымалдығына бағынышты болды. Сайып келгенде хан, патша, немесе өмір бойлық президент болмаған,- деп атап көрсетеді Л. Гумилев, - оның айырмасы -ол қайта сайланбайтын, тақты тек өмірімен бірге тапсыра-тын болған. Биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі осылайша жүзеге асырылған.Қазақстан аймағында пайда болған, тайпалары кейін қазақ халқының негізін қалаған мемлекеттерде отырықшы егіншілердің мәдениетімен астасқан көшпенді өркениетке тән биліктің өзіндік саяси жүйесінің іргесі бекіді. Ол өзіне әскери-ақсүйектік далалық демократияның нышандарын жинақтаған өктемдік-ақсүйектік биліктің қосындысы іспеттес болды.Қазақ қоғамында монархияның, парламентаризмнің және де басқа биліктін классикалық түрлерінің болмауы Қазақстандағы мемлекеттік бастауының тұрпайылығы немесе жабайылығы деуге ешқандай хақымыз жоқ. Мұндағы өркениет пен мемлекеттік құрылымның Еуразия халықтарындағыдан бірде бір кем еместігіне күмән келтіруге болмайды.Сонымен қатар биліктің осынау екі түрінің өзінде көп-теген бір нышандар мен өзгешеліктер бар. Хан лауазымы бізге Орталық Азия көне түркілерінің дәуірінен жетсе, президент қызметі демократиялық Еуропадан келді. Хан болуға тек таза қанды шыңғыстық, билеуші хандық-сұлтандық әулет мүшесінің ғана құқығы бар еді, ал Қазақстан президенті болып белгілі бір әлеуметтік-демократиялық өлшемдерге лайық кез-келген азамат сайлана алады. Президент тұлғасы қол сұғуға жатпайды, ал хандарды билік үшін тәжіге, текетірес барысында өлтіріп тастау онша қиын болмаған.Ханның тағында әрқилы адамдар отырған және олар бір-біріне жеке қасиеттері, саяси салмағы, тағдыры және тарихтағы орны жағынан ұқсамайтын болған. Олардың ішінде қуатты топтық-рулық ақсүйектердің қақпалауындағы қол-жаулықтар да кездескен, сондай-ақ айтарлықтай адуын, оз-быр түлғалар да болған. Бірақ, ортағасырлық хандарды да, қазіргі заманғы билеушілерді де біріктіретін жалпы жағдаят - халықтың олардан мемлекеттік құрылыс, мықты биліктің бейнесін, ұлттық тәуелсіздік пен аймақтық тұтастықтың өзіне бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз ететіндей кепілдігін көргілері ке-леді. Халық өз билеушілерін Дана, Ұлы, Жаужүрек деп қана емес, егер олар "ылайық" болса Қанішер, Алабақан, Майкөт деген тым "тоңторыстау" теңеулерге де теліген. Қазақтық саяси дәстүр, хандардың жоғарғы билеушілер және жөн сілтеушілер тұрғысындағы шек келтірілмейтін ролін мойындай отырып, сондай-ақ бүкілхалықтық жиындар мен құрнылтайларға өлшеусіз хан билігіне қарсы тұрар өзіндік күш ретінде иек артқан. Көшпенділер парламенті - құрылтайдың ең жоғары алқалы сессиялары жыл сайын күзде Күлтөбе мекенінде шақырылып ішкі және сыртқы саясаттың барлық маңызды мәселелерін талқылап отырды. Мұндай құрылтайлардың шешімдерінде заң күші болды жөне олар баршаға бірдей міндеттілігімен ерекшеленді.Тарих жас мемлекеттің тағдыры шешуші шақтарда, көп жағдайда оның басшысының түлғасына көп тәуелді болады деп үйретеді. Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, Абылай, Кене-сары сияқты ерен түлғалы хандары болған, Қазақ мемлекеті гүлдену мен өрлеу дәуірін бастан өткерді, онымен жақындағы, алыстағы көршілері санасты да. Сондай-ақ әлжуаз және жігерсіз билеушілер мемлекет пен халықты ажал жиегіне сан алып келді, өзара қырқыс пен былыққа душар етті.Қазақ халқы, Мұхтар Әуезов айтқандай, "далалар мен ғасырларда тыным таппай көшіп жүрген трагедиялық кезбе іспеттес" ғасырлар бойында жан сақтауға, мәдени тұрғыдан тірі қалуға, ұлттық жөне адами қадір-қасиетін сақтау, өзіндік ерекшелікке деген құқығын сақтай отырып, күресіп бақты. Сондықтан бүгінде біздің жетекшілеріміз бар күш-жігерін Қазақстанның қайта жаңғыруы мен демократиялық негіздердің бекуіне жұмсауы керек.Қазіргі Қазақстанды оның өткені мен жақсы да нашар тарихи дәстүрлерін білмей түсіну қиынға соғады. Тарих пен қазіргі заман қашанда бір-бірін демеп, қол ұстасып қатар жүрген. Тек тарихтан саяси және адамгершілік сабақтарын ала білген абзал. Біз бүгінде отан тарих сабағында отырған шәкірттер іспетті оның сарғайып кеткен беттерін жаңадан аударыстырып отырған жайымыз бар. Осылай еткенде ғана көптеген қазіргі мәселелердің тамыры ғасырлар қойнауына, Қазақ Ордасының туған, өрлеген және құлдыраған дәуіріне бойлап баратындығын бағамдаймыз.Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы деп ХҮІІ ғасырдың екінші және ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ үлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды.Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын байқалған акселерациялық нышандар, технократтық дамудың төбе көрсетуі, отты қарудың пайда бола бастауы, құрлықаралық ықпалдастықтың қарқын алуы енді ел болып, еңсе тіктей бастаған Қазақ Ордасына да өсер-ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы тұста Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірлетіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жәй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді. Мұндай ахуал, әсіресе, Ресей мен Қытайды аландатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар қайтсе де, осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын жақсы түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен Қытай бәсекелес болды және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бірінен-бірі асып түсті. Әсіресе, Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен астыртын жасақтап, оларды қайтсе Қазақ Ордасымен арандатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде, Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хошауыт сияқты іргелі тайпаларына Қазақ Ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қанқасап соғыс өртінің тұтануына себепші болды.Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым-қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын "жоңғар" атау сөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар - ұлт емес. Бүл атау "сол жақ", "сол қанат" деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжаң, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында "Сол-түстік ойпат" - Жоңғар, оң қолы жағында "Оңтүстік ойпат" -Қашғар көсіліп жатады. "Ғар" деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шүңқыр дегенді білдіреді. Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы "сол қанатының" "жоңғар" деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, "жоңғар" термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер - сайып келгенде "сол жақтың", "сол қанаттың" адамдары. Олар ХІҮ ғ. екінші жартысында .моңғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері - тайшылардың қол астына қараған, "Ойрат одағын" құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет