1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


XVII – XVIII Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ



бет37/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

XVII – XVIII Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. Сол тұстағы тарихшы Нұр-Мүхаммед былай деп жазған: "Қазақ хандарының ерекше мекендері бар. Үлкен Орданың сарайы - Тәшкентте, Орта Орданікі Түркістанға орналасқан. Қалада көңілі соққанда ғана тіршілік етеді, көбіне ордаларымен далада көшіп жүреді. Шаруаларына қалдырып кеткен арнайы адамдары иелік жасайды".Қазақ жерінде мемлекет қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Мұнда әуелде басқарушы бекзаттардың дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, беделіне негізделген билік үстемдік жүргізді. Түркі қағанаты кезеңінен бері қарай өктем билікке ауысу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде биліктің екі түрінің бірігуі орын алды. Өзіндік далалық демократия орнықты, онда хандардың (Шыңғыс әулетінің) мықты билігімен қатар халықтан шыққан билер мен батырлардың ықпалы күшейді. Осы мемлекеттердің барлығында да жауынгерлер жинақтаудың жүйесі, билік ету мен бағынудың қарым-қатынастарын реттейтін қүқықтық тәртіп орнады.Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі қалыптасуы - уақыт жүйесіндегі тынымсыз ғамалия - этнополитогенездің оның мемлекеттігінің өткені, бүгінгісі мен болашағына қатынасы. Бірақ бұл үздіксіз процесс тарих мезгілінің әрқилы сатыларында оның сандық және сапалық тұрақтылығын бейнелемейді. Сондықтан сандық және сапалық өзгерістердің ара қатысына, егемендік нышандарының пісіп жетілуіне қарай көшпенді тайпалар этнополитогенезінің даму уақытын дәуірлер мен кезеңдерге саралап жіктеуге болады.Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді.Жалпы біздің мемлекеттің қаз түруы мен дамуы уақыт бойынша үздіксіз де үзілмейтін жағдаят. Өйткені қола дәуірдің басында пайда болған еуразиялық далалықтардың тарихы мен мәдениетіндегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, тек қана көнетүркілік дәуірдің тууына орай жаңа этностық реңдерге ие болды. Көптеген өзге халықтар сияқты, қазақтардың арғы аталары өздерінің жалпы мемлекеттігіне біздің дәуірдің орта ғасырларында келді. Қазақ мемлекеттану пәнін зерделеу түрғысынан алғанда, Қазақстан Республикасының егемендігінің бой көтеруі тұрғысынан алғанда қазақтардың бірнеше мың жылдықтарға созылатын ұлттық мемлекеттігі тарихын төрт дөуірге бөлуге болады:Қазақтардың арғы аталары - далалықтардың бірлескен тіршілігін потестарлық тұрғыда ұйымдастыру дәуірі. Бұл жерде далалықтардың табиғи қоғамдастықтарының ұйымдастырылуын айтып отырмыз;Қазақ мемлекеттігінің әулеттік (династиялық) дәуірі;Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке конституциялық даму жолымен жақындау дәуірі,Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта тәуелсіз мемлекеттік даму дәуірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет