1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


XV – XVІІІ ғасырардағы Қазақ хандары



бет33/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

XV – XVІІІ ғасырардағы Қазақ хандары
 Керей мен Жәнібек (1456-1480),
 Бұрындық (1480-1511),
 Қасым (1511-1518),
 Мамаш (1518-1523),
 Тақыр (1523-1533),
 Бұйдаш (1533-1534),
 Қожа Махмұт (1534-1535),
 Тоғым (1535-1537),
 Хақназар (1537-1580),
 Шығай (1580-1582),
 Тәуекел (1582-1598),
 Есім (1597-1613),
 Тұрсын (1613-1627),
 Есім (1627-1628),
 Жәңгір (1629-1652),
 Әз-Тәуке (1652-1718),
 Батыр (1718-1726),
 Болат (1726-1730),
 Әбілмәмбет (1730-1771),
 Абылай (1771-1781)
 Кенесары (1841-1847)
39) Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тұлғаның бірі – Керей хан. Тарихи әдебиеттерде оның есімі Кирай, Герей, Гирай, Керей түрінде кездеседі. Оның арғы ата-бабалары Моңғол империясының негізін қалаған – Шыңғысханнан басталып, Жошы ұлысының билеушісі – Жошы ханмен, Ақ Орданың билеушісі – Ордаеженмен жалғасады. Ал, бергі ата-бабалары – Алтын Орда мен Ақ Орданың ханы болған Орыс ханға кеп тіреледі де, Орыс ханнан Тоқтақия одан Болат, одан Керей хан тарайды.
 1457 жылы күз айының соңында туысы Жәнібек ханмен бірге қазақ хандығын құрайтын этникалық ру-тайпаларды Әбілхайыр хандығынан бөліп алып, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанады.
 1458 жылдың ерте көктемінде өз ұлыстары ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай басқарады.
 Керей хан тұсында негізі қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 30-жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде талқандау мақсатымен 1468/69 жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан ауырып, қайтыс болады да, әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді.
 Хан тауы етегінде жерленген. Туған жылы белгісіз. XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған. Бірақ, қандай жағдайда қайтыс болғандығы туралы нақты мәліметтер жоқ.
 Керей ханның үш баласы болған. Олар Бұрындық хан, Қожа-Мұхамед және Сұлтан-Әлі. Олардың ішінде Бұрындық хан Қазақ хандығын 30 жылдан астам билейді. Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.
Жәнібек хан – қазақ тарихында туысқан ағасы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаушы белгілі тұлға және екінші қазақ ханы. Шын есімі – Әбу Сайд («Муизз әл-ансаб» еңбенінде айтылған). Оның да арғы ата – бабалары – Шыңғыс хан, Жошы хандар. Бергі аталары – тарихта есімі қалған Орыс хан, одан Қойыршақ хан, одан Барақ хан. Жәнібек хан шамамен XV ғасырдың басында дүниеге келген. Жәнібек хан Керей ханнан соң билікке келеді. 6-7 жыл билік жүргізеді. Оның тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болады.
 1469 жылы Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жасаған жорығында жеңіске жетеді.
 1463 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан соң, көшпелі өзбектер мемлекетіне Сібірден – Ибақ хан, Алтын Ордадан – Ахмет хан, Ноғай ордасынан – Мұса мен Жаңбыршы билер, Хорезмнен – Береке сұлтан, ал Қазақ хандығынан Жәнібек хан қарсы шығады.
 1470 жылдың басында Шайх-Хайдар хан өлтірілген соң, көшпелі өзбектер мемлекеті толық күйреп, Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде Жәнібек хан басқарып отырған Қазақ хандығы билік етеді
 . Қазақ хандығының құрылуының соңғы кезеңі Жәнібек ханның тұсында табысты аяқталады. Осы тұста Қазақ хандығы өз алдына жеке мемлекет болады. Ол шамамен 1473-1474 жылы қайтыс болады
 . Жәнібек ханның артында тоғыз ұлы қалады. Оның ішінде Жиренше, Махмұд, Қамбар, Әдік, Қасым секілді ұлдары XV ғасырдың соңы XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығы тарихында үлкен рөл атқарады. XVI ғасырдың екінші жартысында Жінібек ханның Жәдік атты ұлы мен оның ұрпақтары саяси билікті қолдарында ұстайды. Қазақтың ханы болған Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке хандар – Жәнібек ханның ұрпақтары болып келеді.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы:
Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген, ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке, тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сыртқы жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси әкімшілік жүйесі құрылды.
Үшіншіден, құрылған Қазақ хандығы өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекармызға дейін жер аумағын кеңейтті
Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді кішілі мемлекеттермен тең дәрежеде қарым қатынас орнатты
Бесіншіден, әлеуметтік экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт дәстүрі мен әдет ғұрпы, тілі, діні бар ел санатында даму жолында еркін, азат елге айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет