1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері



бет58/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
67 Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.


1837-1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық сипат алды.


Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. Ақсүйектер мақсаты – көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу және көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің бостандығын қалпына келтіру. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз.


Кейде көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. 1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды. 1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды.


1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық əскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы жəне бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады.


1844 жылғы шілденің 20-нан 21-не қараған түнінде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан Кенесары маңына жиналуына түрткі болды. Орынбор əкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мəжбүр етті.


1845 жылғы сəуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келіп, патша əкімшілігінің талаптарын жеткізді. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді.


Кенесарының Орынбор қазақтарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындағанда ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қойылды. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды.


Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды. Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою, жазалаушы топтардың бассыздығын тыю, салық жинауды тоқтату. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. Кенесары тобы Сарыарқадан оңтүстік аудандарға ығысуға шешім қабылдады. Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау болды. Кенесары əскерін Жетісу қазақтарының бəрі бірдей қабылдамады.


Абылайдың баласы сұлтан Сүйік Ресей билігін мойындаса, үйсін, жалайыр, дулат руларының көпшілігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы Жетісудағы белді руларды Ресейден көмек сұрауға мəжбүр етті.1847 жылғы сəуірде Кенесары 10 мың əскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгерді. Кенесары əскерлерінің қырғыз ауылдарын шабуылдауы Кенесарыға қарсы өшпенділікті туғызды. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі көтерілісшілер қатарын сиретті.


Қазақ рулары көтерілісті өз жерінде қолдап, Қоқан жəне қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстады. Ресей империясынан жеңілдіктер алған ақсүйектер орталықтанған феодалдық мемлекетті қалпына келтіруге мүдделі болмады. Ақырында 1847 жылы Тоқмаққа жақын Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір) Кенесары қырғыз манаптарынан жеңіліс тапты.


1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді. Билік тізгіні Кенесарының өз қолында болды. Хандық кеңестің құрамы Кенесарының жақын туыстарынан, би, батыр, сұлтандардан тұрды.


Хандық кеңеске негізінен ұрыста ерлік көрсеткен немесе дипломатиялық қасиеттерін көрсете білген өкілдер кірді. Кенесары жер шаруашылығын дамытуды қолдап отырды. Барымтаға, жиі қайталанып тұратын тартыстарға қатаң шек қойды. Алайда Кенесары сарбаздары сауда керуендерін шабуылдап, экономикалық байланыстарға нұсқан келтірді.


Бұл көтеріліс үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған 19 ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет