1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектепке дейінгі балалардың еркінің дамуы. Мінез-құлқындағы еріктік



бет45/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

Мектепке дейінгі балалардың еркінің дамуы. Мінез-құлқындағы еріктік әрекеттердің алатын орны

Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрдемеңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.
Ерік сапалары мектеп жасында, оқу процесінде кемелденеді. Мектеп тәртібі шәкірттің ұстамдылық, өзін-өзі билеу, орнықтылық, жауапкершілік сипаттарын дамытып жетіледі. Үйірмелер жұмысы іс-әрекетті шәкіртті тапқырылықпен, инициативалы орындауға үйретеді. Ұжым өмірі, ұжым еңбек-ерікті әрекетті дамытатын итермеші себеп. Қызығудың дамуы еріктің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Арман ерік сипаттарын қалыптастырады. Ерік тәрбиесінің міндеті – еріктің батылдық, өзін билеу, табандылық, төзімді, сабырлы, принципшіл жарамды сипаттарын қалыптастыру. Егер жарамыз сипаттар көрініс берсе, жарамсыз бағытын тежеп, шегеріп, жарамды бағытта дамыту. Еріктің тәрбиесі ойлау және сезім тәрбиесімен тығыз байланысады. Ойлау қабілеті дамыса, кісі саналы түсініп, мақсат таңдайды, мотивтер таласын терең тексеріп, шешімге келіп, әрекет істейді. Отаншылдық, адамгершілік борыш сезімдері ерікті дамытуға итермеші себеп болып табыладыЕрік тербиесінің мақсаты – еріктің жеке сипаттарын дамыту ғана емес, жеке сипаттарды орнықтырып, адамның меншікті қасиетіне, даралық сапасына айналдыру. Жеке адамның меншікті сапасы, мінезінің қасиеті болады. Сондықтан еріктің тәрбиесі мінездің сапасын да дамытып, қалыптастырады. Ерікті дамыту ерік сапасы жоғары кісілердің үлгі-өнегесі әсер етеді. Өнегелі үлгіге бала да, үлкен де еліктейді. Өзінің әрекет, қылығында еріктің биік сапалы үлгілерін балаларға көрсету — ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің ардақты міндеті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет