1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп дейінгі балаларды ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеу



бет6/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

6.Мектеп дейінгі балаларды ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеу.
Мақсаттары ортақ, оларды жүзеге асыру бағыттары ортақ мүдделері ортақ бір жауапкершілікпен біріккен адамдар тобы Ұжым деп аталады.
Ұжымшылдық – ұжым құрамында өз міндетін түсінетін, қажетіне қарай өз мүддесін қоғам мүддесіне бағындыра білетін, оның жетістіктері мен табыстарына өз үлесін қосатын, жолдастық сезімде көрінетін адамгершілік сапа.
Педагогика ұжымды тұлғаның жан-жақты даму шарты деп қарайды. Себебі ұжымда адам басқа адамдармен қарым қатынаста болады, тәжірибе жинайды, қуаныш қайғыны бөліседі, бірігіп күш жұмсайды.
Ұжым жеке тұлға қалыптасуының маңызды шарты. Тек ұжымда ғана баланың жеке басы толық және жан-жақты дами алады. Ерте басталған ұжымшылдық өмір баланы ортақ іске жан тәнімен берілетін нағыз азамат етіп шығарады.
«Ұжым» деген ұғымның мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста өз ерекшеліктері бар. Балалар ұжымы пайда болуының және орнығуының шарты – іс-әрекетті бірігіп жасау, бірге әсер алу.
Күрделі адамгершілік сапа – ұжымшылдық. Ол мектепке дейінгі балалармен құрбыларына деген сезімдерден туады, олар құрбы құрдастармен қарым-қатынас жасаудағы жақсы көру, достасу, ниеттестік,қолда барды бөлісу, бірге ойнау, белгілі бір міндетті бірге шешу сияқты қажеттілікке негізделеді.
Бірігіп әрекет жасау – келісе білуге, даулы мәселерді әділ шешуге тәрбиелейді.
Балалар ұжымының қалыптасуы – ұзақ, күрделі үдеріс. Балалар ұжымының қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: алғашқы кезең бірге әрекет етіп, бірге ойнаудан туындайтын, 3-6 адамнан тұратын сан жағынан шағын балалар бірлестігі, бұл бірлестік – құраамы жағынан тұрақсыз, қысқа мерзімді, оңай тарап кететін бірлестік. Тәрбиеші балалардың алғашқы бірлестіктерін жасауда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың жалпы тобынаширақ және біршама сылбыр, белсенді және енжар балаларды тартады.
Балалар ұжымын қалыптастырудың келесі кезеңі – осы алғашқы бірлестіктерді тұрақты ету, олардың іс-әрекетін уақыт жағынан ұзарту. Бұл кезеңде бірлестікке қатысушылар ұйымдастыру шеберлігі көрініп, саны өсіп, 8-10 адам болуы мүмкін. Балалардың біріккен ойындары мен еңбектеріне күрделі мақсаттар қойылады. Бірлестіктердің құрамы тұрақтала түседі.
Балалар ұжымын қалыптастырудың неғұрлым жоғары кезеңі балалардың дербес әрекет етуінің дамуы: балалар өздері бірлестіктер ұйымдастырады, қарым-қатынастарды реттейді, олардың мінез-құлықтарына баға береді, өз қалауы бойынша ойынға адам алмай қояды немесе ойыннан оны шығарып тастай алады. Осының нәтижесінде өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезіну пайда болады.
Осыдан бастап топ балаларын бір ұжымға біріктіру мүмкіндігі туады. Бұған қоғамдық маңызы бар ортақ тапсырма орындау көмектеседі: сәбилерге ойыншық жасап беру, мектепке дейінгі ұйым ауласын тазарту, т. б. Әр бала бүкіл топтың өміріне қатысушы ретінде барлығы үшін маңызды тапсырма: кезекшілік, жануарлар мен өсімдіктерді күту, мерекеге арнап топ бөлмесін безендіру және т. б. орындайды.
Тәрбиешінің балалар ұжымының пікірімен және берген бағасымен санасатындығы, оны мақтан тұтатындығы, олардың өмірін қызықты, қуанышты етуге тырысатындығы жеткілікті дәрежеде қалыптасқандығын көрсетеді.
«Ұжым» деген ұғымның мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста өз ерекшеліктері бар. Балалар ұжымы пайда болуының және орнығуының шарты – іс – әрекетті бірігіп жасау, бірге әсер алу. Балаларды ұжымшылдық сезіміне тәрбиелеуде ұжымға айтылған жағымды пікірдің әсері зор. Мысалы: «Бүгін кезекшілер бәріміз үшінжұмыс жасады. Олар тамақ ішу үшін бәрімізге арнап үстел жабдықтады, балаларға үстел басына отыру қолайлы». Ұжым қалыптасуының белгілі бір көрсеткіші – өз жолдастырың бірі үшін бәрінің бірлесіп әсер алуы.


Тәрбиеші балаларда бір-біріне деген құрмет, сыйастық тәрбиелеу үшін күнелікті өмірдің, тұрмыстық іс-әрекеттің кез-келген мүмкіндіктерін пайдаланады. Балаларды көп күттіруге болмайтындығын түсіндіре отырып, жуыну және киіну кездерінде жылдамдықты талап етеді, киінуде және шешінуде балаларды көмек сұрауға және көмектесуге тәрбиелейді.

Ұжымда өзін қалай ұстауға, жақсы жолдас болуға тәрбиелеу үшін тәрбиеші әдеби шығармалар пайдаланады: әңгімелер, өлеңдер оқиды, әндер айтқызады, суреттер көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет