1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет3/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

Серуеннің құрылысы
Кез-келген серуен балалардың түрлі іс- әрекеттерінен, атап айтқанда бақылау, жеке жұмыс, қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындар, еңбек, дербес ойыннан (немесе әрекеттен) тұрады.
Серуен көркем сөз арқылы жүргізіледі. Сондықтан тақпақтар мен өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер қолдану серуенді ажарландыра түседі. Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.
Серуенді ұйымдастыруда төмендегі жағдайларға көңіл аудару керек.
1. Жер үлескісінде ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау
2. Серуенді балалардың денсаулығына нығайтудың ең маңызды құралы ретінде кеңінен қолдану. 3. Балалардың киімі мен аяқ киімінің ауа-райына сай болуы.
4. Балаларға жекелей ықпал ету (әлсіз, шапшаң,қозғалысқа аз түсетін)
5. Балалардың қимыл-қозғалысы әрекетін тыныш әрекетпен іскер реттеуге алу.
6. Балалар өмірімен денсаулығын қорғау техникалық қауіпсіздіктің талаптарын сақтау.
7. Серуенді өткізу деңгейін көтеруде
а) серуенге бөлінетін уақытты азайтуды болдырмау;
ә) серуеннің құрылысын сақтау;
б) баланың үнемі бос болмауын ұйымдастыру қажет


3.Мектеп дейінгі қоғамдық тәрбиенің дамуы

Алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы адамзат тарихының өте ерте кезеңдерінде балаларды өмірге даярлаудың негізгі тәсілі аң аулау мен еңбек құралдарын бейнелейтін қарапайым ойнашықтармен ойнау, ересектердің іс-әрекеттіріне еліктеу болды. Моральдық тәрбие беудің құралы өмірдің түрлі жай-жағдайларында жаңа ұрпақтарға мінез-құлық ережелері мен нормаларын беріп отырған фольклор(ертегі, аңыз, мақалдар мен мәтелдер) болды.


Коменский адамгершілік нормаларын игеру діни тәрбиемен тығыз байланысты, бірақ оның мақсаты құдайға құлшылық етуге даярлық болмауға тиіс, ал адамның адамгершілік бейнесі қоғамның нақты жағдайлары мен қажеттеріне сәйкес болуға тиіс деп есептеді. Коменсийдің іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүргізушілік, сыпайылық және сол сияқты басқа қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі ұсыныстары да бағалы болды.
Коменский орынды да ақылға қонымды тәртіп принципін жариялады, балаларға жеке бастың үлгісімен, байыпты ұстаздық етумен,ақыл-кеңес берумен, ұялтумен, сөгумен ықпал етуді ұсынды. Ұрып-соғу жазасын тек шектен шыққан жағдайда ғана қолдану мүмкін деп есептеді ол.
Коменский адамгершілік тәрбиесін еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстырды,еңбек тәрбиесі белгілі бір жасқа лайықты еңбек дағдыларының қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге еңбекті сүюге және еңбекке әдеттенуге тәрбиелеуді көздейді.
Аналарға балалардың есі мен ойын дамытуға кеңес бере отырып, Коменский оларды тарих, экономика, саясат бастауларымен, қоғамдық қатынастармен түсінікті формада таныстыруды ұсынды. Ол баланың есіне ықпал етіп қоймай, сонымен бірге ең бастысы қоршаған дүниенің құбылыстарын ақыл-ойға сала қабылдап, ұғыну сезімін дамыту керек деп кеңес берді.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның аса көрнекті педагог-деиократы Генрих Песталоциий (1746-1827) үлкен үлес қосты.Ол феодалдық қоғамдық қатынастардың қирау және капитализмге көшу дәуірінде өмір сүрді, халықтың қатты қайыршылануын және бұрынғы маралдық норамалардың ыдырауын көзімен көрді.Халықтың жағдайы жақсаруын армандай отырып,Песталоциий бұған дұрыс тәрбиелеу және жалпыға бірдуй білім беру нәтижесінде қол жетуі мүмкін деп есептеді.Оның көзқарасының утопмялылығы: білім берудің өзі халық бұқарасының жақсы өмір сүруіне кепілдік береді деген бұлдыр сенімінде болды.
Петалоцци басты да таңдаулы тәрбиеші ана деп есептеді. Семьялық бастапқы тәрбиеге орасан зор маңыз бере келіп, оның дұрыс бағыт алуына қамқорлық ете отырып,ол «Аналар кітабы,немесе Балаларды бақылауға және сөйлеуге қалай үйрету жөнінде аналарға арналған басшылық»атты арнаулы құралды құрастыруға белсенді қатысты. Кітап материалдары баланың қоршаған орта жөніндегі түсінілген кеңейту және тәртіпке келтіру жағынан анаға көмек көрсетуге тиіс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет