1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Тәрбиешінің оқу сағатына дайындалуы



бет9/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

8.Тәрбиешінің оқу сағатына дайындалуы
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісімектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Балабақша тәрбиешіснің міндеттері:
§ а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;
§ б) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;
§ в) Балалардың денсаулығын сақтауға , қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;
§ г) Балаларды отбасында, балалабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
§ д) Аудандық, қалалалық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педогоикалық кеңестің жұмысына қатысады;
§ е) Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.
Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
1. Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
2. Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;
3. Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
4. Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
5. Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
6. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет