Балабақшадағы балалардың еңбегі.
Балалардың еңбекке деген дұрыс көз- қарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Ойгап болған соң ойыншықтарын орын-орына жинауға тәрбиелеу. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру, ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету.Үлкендердің көмегімен жаз айларында даладағы гүлдерді суару, ағаштарға су құю, түптерін қопсыту,сырырысу, қоқыстарды жинауға үйрету.Сабақ уақытында оқу құралдарын тарату, орындарына жинауға, тамақ ішер кезде, тарелка, қасықтарды қою, ішіп болғанда жинасу сияқты жұмыстарға балабақшадан үйретеміз.Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік беріп отырамыз.
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері: 1) балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту. 2) қарапайым еңбек дағдыларына баулу. 3) еңбекке қызығушылығын, дербестігіе тәрбиелеу.4) көпшілік үшін еңібек ете білугебаулу,қоғамдық бағытта еібектенуге үйрету.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек.Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы шығармашылық көзқарасына байланысты.Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу.
10. Мектепке дейінгі балалар еңбегінің түрлері
Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметкеынтасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар:
өзіне-өзі қызмет көрсету
шаруашылық-тұрмыстық еңбек
табиғаттағы еңбек және қол еңбегі.
Еңбектіңжекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес.Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктерібар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге,төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с) бағытталған. Еңбекқызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлікқажеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзіқызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндетретінде ұғыныла бастайды.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгіліқиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамығандығы,әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесінтежейді, кейде бааланың қажетті әрекетті орындаудағы құлықсыздығынтуғызады. Алайдатәрбиеші осы балалардың өзінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсетебілу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пенмұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққаәдеттенеді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті,сәбилердің кейде пайдасыз ықыласының өзін қолдап көтермелеп отыруды талаетеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып тәрбиеші әрбірбаламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды,көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлібөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік
қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, өздерінкиіндірген ересектерге сүйіспеншілік пен сөнім сезіміне бөленеді
Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелеріолардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеуліболмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбекүйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге бағытталған. Балалар топтықбөлмеде немесе учаскеде қандай да болса тәртіптің бұзылуын байқауға жәнеоны өз инициативасымен түзетуге үйренеді. Шаруашылық тұрмыстық еңбек ұжымғақызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарынақамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |