КЕЛІСЕМІН
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
____Керімбекова А.Ж.
«__» __________2017 ж.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Топ сағатының өтетін күні: 08. 02. 2017 жыл
Топ сағаты өтетін топ: 2 к 1 т «Аспазшы»
Топ сағатының өтетін орны: №207
Топ сағатының мақсаты:
Қазақстан Респбликасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауымен таныстыру.
Жолдаумен таныстыру арқылы білімгерлердің білім, денсаулық саласындағы өзгерістерге он көз қарасын қалыптастыру.
Жолдаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Топ сағатының өтілу әдісі: сұрақ- жауап, пікір алмасу, ой қозғау;
Топ сағатының өтілу түрі:дөңгелек үстел;
Пайдаланылатын көрнектілігі: топ сағатының тақырыбы, видеороликтер.
Күтілетін нәтиже: Жолдаумен жалпы танысады, жолдаудың маңыздылығын түсінеді.
Топ сағаттың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу,кабинеттің тазалығын қадағалау, білімгерлерді түгендеу, топ сағаты жоспарымен таныстыру
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім
1.Жолдаудың маңыздылығын түсіндіру
ІV. Қорытынды
Жоспарды құрған топ жетекшісінің аты –жөні: А.О.Бекназарова
Топ жетекшінің кіріспе сөзі:
Құрметті білімгерлер өздерінізге белгілі қаңтардың 31 күні Елбасымыз кезекті жолдауын өткізді. Жолдаудың тақырыбы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Елбасы бұл жолдауын Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңына арнады.
Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.
2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.
Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.
Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.
Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.
Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.
«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.
Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.
Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.
Елбасымыздың бұл сөзінің еліміздің алда тұрған мақсаттарын айқындап көрсетті.
Осы жерде сіздер қалай ойлайсыздар, Елбасының алдағы жоспарларына сіздердің қосатын үлестеріңіз қалай?
Елбасы білім саласын көңілден тыс қалдырмады.
Видео көрсетіледі. (Елбасының білім саласы жайлы айтқан сөзі көрсетіледі.)
Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.
Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.
Құрметті білімгерлер Елбасының білім саласына енгізген өзгерістерге туралы ойларыңыз қалай?
Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты азайту үшін қандай әрекеттер жасауға болады?
(Білімгерлер өз ойларын айтады.)
Видеороликтер көрсетіледі. (Еліміздегі қауіпсіздік шаралары туралы)
Білімгерлерге сұрақ қойылады.
Елімізге қауіп қай мемлекеттерден төніп тұр?
Қауіпсіздік шараларын ұйымдастырда өз үлесіміз қандай?
Білімгерлер сұрақтарға жауап береді.
Топ жетекшінің қортынды сөзі:
Елбасы осы Жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағыты жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгісң келді.
Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ.
Біздің ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін.
Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.
Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.
Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!
Достарыңызбен бөлісу: |