10.Түргеш мемлекетінің әлеуметтік-саяси тарихы: қалыптасуы, территориясы, мәдениеті.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын. Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.
Жылы
Маңызды оқиғалар
542 жыл
Қытай деректерінде «түрік» термині алғаш рет келтірілген.
551жыл
Түрік қанатының қалыптасуы
VI ғасыр
Этонгенездің ерте кезеңі көрсетілген алғашқы түркі фолклорының ескерткіштері
561-563 жылдар
Түріктер Иарндықтармен эфталиттерге қарсы одақ жасады.
Қыпшақтар мемлекетінің гүлдену кезеңі(даму кезеңі).
940 жыл
Қарахан мемлекетінің қалыптасуы.
955-960 жылдар
Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауы
1007 жыл
Наймандар мен керейлердің хрестиян дінін қабылдауы.
ХІ ғасыр
Махмұт Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы.
1219 жыл
Монғол шапқыншылығының басталуы.
Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы.
707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», — деп екі ағайынды өлтіріледі.
Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты.
Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай қызмет етті».
717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап атқа ие болды.
Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ». Осылайша Сұлық бұл ұсыныстан бас тартады.
737 жылы Сұлық өз шатырында қастандықпен өлтіріледі. Сұлықтың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның билігі бір-екі жылға ғана созылды.
Сұлықтан кейін сары және қара түркештер арасында жағдай шиеленісіп, Түркеш қағанаты әлсіреп, ішкі бірлігінен айырылды. Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748жылы Суябты басып алады.
751 жылы шілде айында Таласқа жақын Атлах қаласы түбінде арабтар мен Тан әскері кездесті. Бұл шайқас тарихта «Талас шайқасы» деген атпен қалды. Атлах қаласы туралы араб тарихшысы әл-Макдиси «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі…», — деп жазады.
Түркеш мемлекетінде билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Билік әкеден балаға немесе ағадан ініге мұрагерлік жолмен қалып отырды.
Түркеш тайпалары қолайлы географиялық орналасуы, табиғи климат жағдайларына байланысты отырықшы, қала мәдениеті дамыған, көп салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түрі, егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласынан «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.
756 жылы түркештер тәуелсіздігінен біржола айырылып, Жетісудағы билік қарлұқтар қолына өтті.